«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 38-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес және Тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру, айыру, сондай-ақ, олардың орнын ауыстыру мәселелері жөніндегі Арнайы комиссияның 2014 жылғы 18 маусымдағы № 2 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 88 бұйрығы
1. Павлодар облысының әкімдігі (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен Павлодар қаласы, Ленин көшесі, ардагерлер шағын саябағы мекен-жайында орналасқан «Тұғырдағы Т-34 танкісі, 1987 жыл» - жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін қаланың Бейбітшілік көшесі, 40 мекен-жайындағы «Әскери Даңқ» шағын саябағының аумағына ауыстыруды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті Павлодар облысының Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасымен бірлесіп, ескерткіштің орналасқан жерін ауыстыру кезінде оның тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз етуді және осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
Полная версия

