«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
1. «Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын
(жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 427-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 201 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді.
2. Табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – субъект) инвестициялық бағдарламасы (жобасы) тиісті кезеңдерге қалпына келтіру, реконструкциялау, жаңғырту жүйелерінің салалық және жергілікті бағдарламаларының бекітілген көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы дамуының басымдықтары мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып әзірленеді.
Бекітілген инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген субъектінің негізгі құралдарына салымдар көлемі реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (бағалардың, алымдар мөлшерлемесінің) шекті өсу болжамын ағымдағы кезеңге және орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді перспективаға есептеу кезінде ескеріледі.
Cубъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асыру Заңның 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің (бұдан әрі-Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес қалыптастырылған тарифтік сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы):
1) іске асыру мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді кезең (1 жылға дейінгі уақытты қоса алғанда), орташа мерзімді кезең (1 жылдан асатын 4 жылға дейінгі уақытты қоса алғанда), ұзақ мерзімді кезең (5 жыл және одан көп) қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне, жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне және өңірлік электр желісі компанияларына қоспағанда;
2) мәртебесі бойынша – республикалық және жергілікті;
3) іс-қимылдардың бағыттылығы бойынша – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған субъектінің және концессия субъектілерінің жаңа активтерін жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар болып бөлінеді.
Полная версия

