«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының ___-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Г.С.Исаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 20__ жылғы «__» ________ № ___ бұйрығымен бекітілген
Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының ___-тармақшасына сәйкес әзірленген және асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін анықтайды.
2. Асыл тұқымды мал мәртебесін Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата (бұдан әрі - Палата) бірінші және екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара малдарға береді.
3. Асыл тұқымды мал мәртебесі малдың тіршілігі кезінде бір рет, алты айлық жастан бастап бағалау немесе индекстік бағалаудың болуы кезінде ірі қара малдың әр басына жеке беріледі.
2. Асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі
4. Бірінші және екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысанынан алынып толтырылған деректерімен не асыл тұқымдық куәліктерде немесе оған балама құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес толтырылған деректерімен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында (бұдан әрі - АТЖ) малдың тіркелуі бар болған кезде беріледі.
5. Ірі қара малға бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі ол мынадай өлшемдерге сәйкес болған кезде беріледі:
1) әкесі мен енесі жағынан ата-тегінің үш қатарынан кем емес тұқым-тегінің болуы;
2) татуировканың немесе таңбаның болуы;
3) асыл тұқымдық құндылығының, оның ішінде төлдеу жеңілдігі, туған кездегі салмағы, емшектен шығарған кездегі салмағы, бір жастағы салмағы (егер жануар қажетті жасқа жеткен болса) немесе жануар өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері бойынша индекстік бағалануының болуы;
4) шетелден импортталған асыл тұқымды ірі қара малды есепке алмағанда әкесі бойынша шығу тегінің шынайылығын айқындайтын иммуногенетикалық сараптаманың болуы (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туылған малдар үшін).
6. Ірі қара малдарға екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі олар мынадай өлшемдерге сәйкес болған кезінде беріледі:
1) әкесі жағынан екі жақтан үш қатардан кем емес ата-тегін көрсете отырып, тұқым-тегінің бар болуы (екі жақтан ата-тегінің үш қатары бар бірнеше мүмкін әкелерін көрсетуге жол беріледі);
2) Қазақстанда туған жануарлар үшін татуировканың немесе таңбаның болуы;
3) тірі салмағы бойынша абсолюттік көрсеткіш деректерінің болуы.
7. Осы Қағидалар күшіне енгізілгенге дейін Палатада асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесін алған және екі жақтан үш қатардан кем емес ата-тегі бар жануарлар бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал болып саналады.
8. Бірінші және екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесін алу үшін, заңды және (немесе) жеке тұлғалар (бұдан әрі – Өтініш беруші) Палатаға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесін беруге өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) ұсынады
9. Палата Өтініш берушіден өтінішті алғаннан кейін мал бастары құжаттарының толықтығын және АТЖ деректердің бар болуын осы Қағидалардың 4,5,6, және 7-тармақтарында көрсетілген өлшемдерге (бұдан әрі - Өлшемдер) сәйкестігіне тексереді.
Ірі қара мал Өлшемдерге сәйкес келген жағдайда, Палата Өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Өтініш берушіні жазбаша ескерте отырып, АТЖ тіркелген ірі қара малға тиісті санатын және жеке тіркеу нөмірін береді.
Ірі қара мал Өлшемдерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата Өтініш тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бірінші және екінші санаттағы асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолдайды.
13. Ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап беріледі.
14. Асыл тұқымды мал мәртебесі берілгеннен кейін шынайы емес деректер анықталған және асыл тұқымды мал Өлшемдерге сәйкес келмеген жағдайда, Палата асыл тұқымды малдың иесін жазбаша ескерте отырып, қайшылық анықталған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде малдың және оның ұрпақтарының асыл тұқымды мәртебесін жою туралы шешім қабылдайды.
Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларына қосымша
Нысан
Бет жағы
Импортталған ірі қара малға асыл тұқымдық мал мәртебесін беруге өтініш
(Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата)
кімнен_______________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) немесе заңды тұлғаның толық атауы)
«__________» тұқымды ____(_____________________________) бас
( жазбаша)
ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесін беруді сұраймын.
Жануарлар туралы мәліметтер (қажеттісін белгілеу):
| |
_____(__________________________) дана мөлшерінде импорттаушы
(жазбаша)
туралы мәліметтер көрсетілген асыл тұқымдық куәліктің не оған балама құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі бар;
| |
жануарлар/ұрық/эмбрион импортталды және менің иелігімде;
| |
жануарлар туралы деректер асыл тұқымдық куәліктерде немесе оған балама құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес / асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымды куәлік нысандарына сәйкес селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат базасында толтырылды;
| |
жануарларды қолдан ұрықтандыру/шағылыстыру туралы деректер қоса берілген (буаз малдардың импорты кезінде).
| |
тіркелетін малдың ата-енесінің екеуінде де ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палатада асыл тұқымды мал мәртебесі бар;
| |
әкелері / мүмкін әкелері болып табылатын асыл тұқымды бұқалар тіркелетін төл иесінің меншігі болып табылмайды;
| |
жануарлардың шығу тегі шынайылығының иммуногенетикалық сараптамасы бар (бірінші санаттағы жануарлар үшін);
| |
жануарларда бірдейлендіру нөмірлері және ені бар.
Сырт жағы
Асыл тұқымды мал мәртебесін беруге өтінілген импортталған жануарлардың тізімі
| | Жануар (жануарлар) туралы ақпарат | Ата-енесі туралы ақпарат | ||||||
| Шетелдік немесе Қазақстандық бірдейлендіру нөмірі | Татурока (таңба) | Лақап аты | Жынысы | Туған күні | Туған жері | Әкесінің тіркеу нөмірі (шетелдік немесе Палатаның) | Енесінің тіркеу нөмірі (шетелдік немесе Палатаның) | |
| 1 | | | | | | | | |
| 2 | | | | | | | | |
| 3 | | | | | | | | |
Мен, ______________________________, жануар туралы жоғарыда белгіленген мәліметтер одан әрі асыл тұқымды мал мәртебесін беру үшін шынайы болып табылатындығын растаймын.
Күні _________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________________ _________________
(қолы)
Мөр орны
«Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 20___ жылғы «___» __________ № ________ бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының ___-тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы н орындау мақсатында |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | «Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 724 қаулысы |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Қарастырылмаған |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | www.minagri.gov.kz |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) |
|
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ә. Жеңісов

