Близость слов: Окончание:





«Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау және мүгедектерді жұмысқа орналыстыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау және мүгедектерді жұмысқа орналыстыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-2) тармағына және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы 31 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалар;  
2) мүгедектерді жұмысқа орналыстыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау қағидалар.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау  
Полная версия
ИС BestProfi