Близость слов: Окончание:





«Отандық тауар өндірушілермен өндірілетін және олардан сатып алынатын тауарлардың жеке түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Отандық тауар өндірушілермен өндірілетін және олардан сатып алынатын тауарлардың жеке түрлерінің тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
Қоса берілген отандық тауар өндірушілермен өндірілетін және солардан сатып алынатын тауарлардың жеке түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы «__» _________ №
қаулысымен бекітілген
Отандық тауар өндірушілермен өндірілетін және солардан
сатып алынатын тауарлардың жеке түрлерінің
1) үлбірден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;
3) тігін бұйымдары, арнайы және нысанды киім-кешектер;
6) тұрмыстық, мектеп және кеңсе жиһазы;
Полная версия
ИС BestProfi