Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.02.2021
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 327 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 қыркүйете № 9720 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 26 ақпаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 04.02.2021 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 63, 89-1, 105-1, 134, 135, 135-1, 346, 526 және 527-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9052 болып тіркелген, «Әділет» интернет-ресурсында жарияланған)  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«92) осы бұйрыққа 92-қосымшаға сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының салық есептілігін жасау қағидалары (4.1 – 4.3-нысандар);»;
мынадай мазмұндағы 93), 94), 95), 96), 97) және 98) тармақшалармен толықтырылсын: 
«93) осы бұйрыққа 93-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің нысаны (531.00-нысан); 
94) осы бұйрыққа 94-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің салық есептілігін жасау қағидалары (531.00-нысан); 
95) осы бұйрыққа 95-қосымшаға сәйкес аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша декларацияның нысаны (810.00-нысан);
96) осы бұйрыққа 96-қосымшаға сәйкес аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810.00-нысан); 
97) осы бұйрыққа 97-қосымшаға сәйкес кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша декларацияның нысаны (890.00-нысан);
98) осы бұйрыққа 97-қосымшаға сәйкес кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (890.00-нысан) бекітілсін.»;
«3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және мыналарды:
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 31 желтоқсан арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын, осы бұйрықтың 1-тармағының 95) және 96) тармақшаларын;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын, осы бұйрықтың 1-тармағының 97) және 98) тармақшаларын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.»; 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидаларында (100.00-нысан):
1-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
Полная версия
ИС BestProfi