«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының
«Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» стандарт жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
1. Мыналар:
1) «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық)) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов ______________ 2014 жылғы «____» ____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы _________№ ___бұйрығына __ - қосымша
«Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
Полная версия

