«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Инновациялық қызмет туралы есеп» (коды 0491104, индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» стандарт жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Инновациялық қызмет туралы есеп» (коды 0491104, индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
1. Мыналар:
1) «Инновациялық қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0491104, индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Инновациялық қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0491104, индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Инновация статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы №188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 13 қыркйегінде № 8708 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы №98 (28322) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін
5 Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы _________№ ___бұйрығына __ - қосымша
«Инновациялық қызмет туралы есеп» (коды 0491104, индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Инновациялық қызмет туралы есеп» (коды 0491104, индексі
1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Инновациялық қызмет туралы есеп» (коды 0491104, индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) ғылыми зерттеулер - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;
2) инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзінде асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі;
3) инновациялық грант – индустриалды-инновациялық қызметті жүзеге асыратын субъектілерге олардың индустриалды-инновациялық жобаларын жүзеге асыруы үшін инновациялық гранттарды ұсынудың негізгі бағыттары шеңберінде өтеусіз негізде ұсынылатын бюджеттік қаржы.
3. Инновациялық қызметті байқау кезеңі осы статистикалық нысанда есепті жылға көрсетілген сапалық көрсеткіштерден басқа үш жыл.
Инновациялық қызмет деп жаңа идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс; жиынтығында инновацияға әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін пайымдайды.
4. 1-бөлімнің 1.1-жолында жұмысқа ресми тіркелуі бар (жүктілігі жəне босануы бойынша, балаға күтім жасау бойынша, жəне басқа да демалыстарда жүрген адамдар) қызметкерлердің жекелеген санаттары шегерілген тізімдік құрамдағы қызметкерлердің саны белгіленеді.
1.3.1-жолында жаңа немесе техникалық ерекшеліктерде, құрамдас бөліктер мен материалдарда, кіріктірілген бағдарламалық қамтамасыз етуде, пайдаланушыға қарым-қатынас тұрғысынан достастық дәрежесінде немесе басқа функционалдық сипаттамаларда айтарлықтай жетілдірулерді қосқанда ерекшеліктері немесе пайдалану тәсілдері бөлігінде едәуір жақсартылған болып табылатын тауарды немесе қызметті енгізулер көрсетіледі.
1.3.2-жолындағы үдерістік инновацияға технологиядағы, жабдықтардағы және (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етудегі едәуір өзгерістерді қоса есептегендегі жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өндіріс тәсілдерін немесе өнімді жеткізуді енгізулер жатады.
1.3.3-жолындағы маркетингтік инновацияларға өнімнің дизайнында немесе қаттамасында, оның қоймалануына, нарыққа қосылуына немесе сату бағаларының белгіленуіне айтарлықтай өзгерістерді қоса, маркетингтік жаңа әдістерді енгізулер жатады.
1.3.4-жолындағы ұйымдық инновацияларға фирманың іскерлік тәжірибесінде, жұмыс орындарын және сыртқы байланыстарын ұйымдастыруға жаңа ұйымдық әдісті енгізулер жатады.
1.3.5-жолындағы экологиялық инновацияға жаңа өнiмдер, жаңа технологиялар, ұйымдардың жаңа тәсiлдерiнiң қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн өндiрiстердi енгiзулер жатады.
5. 2.4-жолында, Сіздің тауар (қызмет) нарығыңыз және (немесе) ұйымыңыз үшін жаңа болып табылатын инновациялық (тауар, қызмет) өнімнің өткізілген көлемі көрсетіледі. Өткізілген инновациялық өнімнің жалпы көлемі 1.1 және 1.2-жолдарының қосындысынан тұрады.
1.1 және 1.2-жолдарда есепті жылдағы өткізілген инновациялық өнім (тауарлар, қызметтер) көрсетіледі – Сіздің тауар нарығыңыз үшін немесе ұйымыңыз үшін жаңа болып табылатын жаңа немесе едәуір жетілдірілген тауарлардың (қызметтер) жөнелтілген көлемі.
Жаңа өнімдер болып сипаттамасы немесе мақсаты бойынша ұйым бұрын өндірген өнімдерден едәуір ерекшеленетін тауарлар мен қызметтер есептеледі. Жаңа технологиялар қолданылған жаңа өнімдерге мысал ретінде алғашқы микропроцессорлар немесе сандық фотоаппарат өнімдерін келтіруге болады.
Егер сіздің енгізген тауар немесе қызметіңіз Сіздің тауар нарығыңыз үшін жаңа болып табылатын болса, аталған тауардың немесе қызметтің өткізілген көлемі 1.1-жолында көрсетіледі, ал 1.2-жолында ол тауар тек сіздің Ұйымыңыз үшін ғана жаңа болмағандықтан көрсетілмейді. 1.2-жолында, яғни Сіздің тауар нарығыңыз үшін жаңа емес, бірақ Сіздің ұйымыңыз үшін ғана инновациялық болып табылатын өнімнің өткізілген көлемі көрсетіледі. Сәйкесінше, осы жолдардағы деректер ешқандай жағдайда да қайталанбауы керек.
6. 3-бөлімнің 3.1-тармағының 3.1.1-жолында тауарлар немесе қызметтер өндіруде пайдаланылған технологиялық үдерістер, жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтыған тауар (қызмет) өндірістері көрсетіледі (өндіріс желісінде жаңа автоматтандырылған жабдықтардың орналастырылуы немесе жобалық-конструкторлық жұмыстардың компьютерлендірілуі).
3.1.2-жолда жеткізу әдістері немесе Фирманың логистикасын қозғайтын және шығыс материалдарымен жабдықтауда, фирмаішілік жабдықтауда және соңғы өнімді жеткізуде пайдаланылатын жабдықтарды, бағдарламаық қамтамасыз ету мен технологияны біріктіретін тауарларды (қызметтерді) өткізу әдістері (Жеткізудің жаңа әдістерінің мысалы болып тауаларды штрих-кодтың көмегімен орын ауыстыруын есепке алуды немесе көлік құралдарының орын ауыстыруын қадағалауды белсенді радиожиілікті жүйесін енгізу) көрсетіледі.
3.1.3-жолда жабдықтау, бухгалтерлік есеп, есептеу, ағымдағы жөндеулер мен профилактика сияқты қосалқы қызмет түрлерінде пайдаланылатын жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз етулердің жаңа немесе едәуір жетілдірілген техникалық тәсілдерін қамтитын үдерістерді қолдау тәсілдері көрсетіледі.
7. 5-бөлімде үш жылға инновациялық қызметтер және өнімдік және үдерістік инновацияларды жасауға кеткен есепті жылдағы шығындар көрсетіледі.
5.1-тармақтың 5.1.1-жолында ұйымның өзі тарапынан орындалған, ҒЗТКЖ-ға жатқызылатын бүкіл ішкі ҒЗТКЖ-лардың бары немесе жоғы көрсетіледі.
5.1.2-жолда ұйымнан тыс сатып алынған ҒЗТКЖ-ның бары немесе жоғы көрсетіледі. Бұл, басқа ұйымдар немесе мемлекеттік, жеке ғылыми-зерттеу институттары тарапынан орындалған ҒЗТКЖ-лардың сатып алынуы.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) – бұл адам, мәдениет және қоғам туралы білім қорын арттыру мақсатында жүйелі түрде жүргізілген және осы білімді пайдалану тәсілдерін жоспарлау туралы шығармашылық жұмыстарды қамтиды.
5.1.3-жолда ұйымның заманауи машиналарды, жабдықтарды және өнімдік және үдерістік инновацияларды жасау бойынша қызметтерді орындау үшін керекті жер учаскелері мен ғимараттарды қамтитын іргелі тауарларды сатып алу бойынша қызметтері бар болған жағдайда көрсетіледі, сондай-ақ мұнда ҒЗТКЖ-да ескерілмеген қайта жасау мен жөндеу, едәуір жақсарту енеді.
5.1.4-жолда инновацияны әзрлеумен және енгізуге байланысты әртүрлі қалыпта және әртүрлі жерден алынған технологиялар мен ноу-хаулар көрсетіледі. Сатып алынған сыртқы білімдер мен технологиялар патенттер, патентсіз өнертабыстар, лицензиялар, ашық ноу-хаулар, сауда таңбалары, техникалық жобалар мен үлгілер, сондай-ақ өнімдік және үдерістік инновацияларды дайындау және жүзеге асыру үшін керекті компьютерлік және басқа да ғылыми-техникалық қызметтер көрсетіледі.
5.1.5-жолда өнімдік және үдерістік инновацияларды жасау бойынша инновациялық қызметтерге қатысты қызметкерлерді дайындау және оқыту іс-шаралары көрсетіледі. Бұл жолда ҒЗТКЖ-да ескерілген оқыту түрлері көрсетілмейтіндігін және жаңадан қабылданған қызметкерлерді өндірістің қалыптасқан әдістеріне оқыту, жекелеген адамдардың жалпы біліктілігін арттыру сияқты оқытулар инновациялық қызметке жатпайды.
5.1.6-жолда нарыққа жаңа немесе едәуір жетілдірілген тауарларды және қызметтерді шығару үшін нарықты алдын-ала зерттеу, маркетингтік сынақтар және жарнамалық кампанияны іске қосу ескерілуі қажет.
5.1.7-жолда өнімдік инновация мән-мәтінінде өнімнің дизайны көрсетіледі. Бұған оның техникалық өзгешеліктерін, тұтынушылық және қызметтік сипаттамасындағы өзгерістер жататындығын ескеру қажет. Яғни, бұл жерде өнімді пайдаланудың болжамалы әдістерін немесе функционалды сипаттамасындағы едәуір өзгерістер туралы айтылуда.
5.2-тармақтың 5.2.1-жолының 1 – 4-тармақшаларында өнімдік, үдерістік, маркетингтік және ұйымдық инновацияларға кеткен шығыстар көрсетіледі.
5.2.1.1-қатарында 5.1.1-тармақта көрсетілген ішкі ҒЗТКЖ-ны орындауға кеткен шығыстар сомасы көрсетіледі.
5.2.1.2-жолдарында 5.1.2-тармақта көрсетілген сыртқы ҒЗТКЖ-ға кеткен шығыстар сомасы көрсетіледі, 5.2.1.3-жолда 5.1.3-тармақта көрсетілген, тауарларды және жабдықтарды сатып алуға кеткен шығыстар сомасы көрсетіледі.
5.2.1.4-жолда 5.1.4-тармақта көрсетілген, сыртқы көздерден білімді сатып алуға кеткен шығыстар сомасы көрсетіледі, 5.2.1.5-жолда жобалау, сынақтан өткізу және бағалау, инжиниринг және жөндеу сияқты жаңа өнімдер және үдерістерді жасауды жоспарлаудың дайындық кезеңі көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл шығыстардың ішіне жаңа немесе едәуір жетілдірілген тауарлар мен қызметтерді нарыққа енгізу үшін нарықты зерттеу, маркетингтік сынақтан өткізу және жарнамалық кампанияларды жүргізудің шығыстары жатқызылады. Өнімдік және үдерістік инновацияларды жасау бойынша инновациялық қызметтерге қатысты қызметкерлерді дайындау және оқыту іс-шаралары көрсетіледі. Бұл жерде ҒЗТКЖ-да ескерілген оқыту түрлері есепке алынбайды. Жаңадан қабылданған қызметкерлерді өндірістің қалыптасқан әдістеріне оқыту, жекелеген адамдардың жалпы біліктілігін арттыру инновациялық қызмет болып табылмайды.
8. 5.3-бөлімде қаржыландыру көздері бойынша өнімдік және үдерістік инновацияларға кеткен шығыстар көлемі көрсетіледі. Мұнда күрделі және ағымдағы шығындар есептелінеді.
Ағымдағы инновациялық шығыстарға еңбекақы және өзге де ағымдағы шығындар жатады.
Еңбекке кеткен шығыстарға жыл сайынғы еңбек ақы төлеуге кеткен шығыстар және осыған қатысты демалыс ақысы және сыйақы төлемдері, зейнетақы қорына аударымдар және өзге де әлеуметтік сақтандырулар, жалақыдан салықтар және басқалары сияқты барлық қосымша төлемдер енеді. Инновациялық қызметке араласпаған жұмысшы персоналдар (күзет, қосалқы персонал және т.б.) еңбегіне кеткен шығыстар бұл көрсеткішке енгізілмейді және өзге ағымдағы шығыстар ретінде есептелу керек.
Өзге де ағымдағы шығыстарға есепті жылда ұйымдағы инновациялық қызметтерді қамтамасыз ету үшін материалдарды сатып алуға және жеткізуге кеткен төлемдер, қызметтер мен жабдықтарға кеткен күрделі емес шығыстар енеді.
Инновацияға күрделі шығыстар ішкі ҒЗТКЖ-ға кеткен шығыстар, сәйкесінше машиналарды, жабдықтарды және басқа да күрделі тауарлар, сондай-ақ маркетингтік және ұйымдық инновацияларды әзірлеуге кеткен шығыстарды қамтиды.
1.5.4-қатарындағы венчурлық қорға инвестицияларды жүзеге асыру мақсатында заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға ретінде тіркелген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың капиталдарының біріктірілуі жатады.
9. 10-бөлімнің 10.6.1-қатарындағы технология жасау – техникалық құжаттаманы, жұмыс сызбасын әзірлеу, қажетті жабдықтарды дайындау және белгіленген тәртіпте сынақтан өткізу және қабылдау болып табылады.
10. Осы нысанды тапсыру қағаз тасығышта немесе «Online» режимде электронды форматта жүзеге асырылады. Нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті интернет-ресурсының (www.stat.gov.kz) «Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы іске асырылады.
11. Арифметикалық-логикалық бақылау:
5.2 бөлім «Инновацияларды жүзеге асыру шығыстарын көрсетіңіз, мың теңге»:
5.2.1 жол = ∑ 1 және 2 жолдарға;
5.3-бөлім «Қаржыландыру көздері бойынша инновацияларға кеткен шығыстар көлемі, мың теңге»:
1 жол = ∑ 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5 жолдар;
1.2 жол ≥ 1.2.1 жол;
1.5 жол ≥ 1.5.1 жол;
1.5.1 жол ≥ 1.5.1.1 жол;
1.5 жол ≥ ∑ 1.5.1, 1.5.2, 1.5.3 жолдар;
1-жол, 2-қатар = 5.2-бөлімнің 5.2.1 жолы.
«Инновациялық қызмет туралы есеп» (коды 0491104, индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының бұйрығына анықтама-негiздеме
| № | Көрсетілуі тиіс м әлiметтердiң тiзбесi | Мемлекеттiк органның ақпараты
|
| 1. | Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган | Қазақстан Республикасы Үлттық экономика министрлігі Статистика комитеті |
| 2. | Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi) | «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшалары |
| 3. | Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды) | Инновациялар статистикасы бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау және пайдаланушыларға статистиканың осы саласы бойынша қажетті ақпаратты ұсыну мақсатында. |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер | «Инновация статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 188 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 13 қыркүйекте № 8708 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы №98 (28322 ) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ) |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме | Көздемейді |
| 7. | Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет | Көздемейді |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | www. stat . gov .kz орналастырылған |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Заң басқармасының басшысы Б. Қабылова

