Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021
Ветеринариялық санитария бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/37 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9460 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес 
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ветеринариялық санитария бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті (Г.С. Нуртазина), Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (Р.Ж. Құрманов) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.
3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген
 Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты
 әлеуметтік қорғау министрі
 Т. Дүйсенова ___________
 2014 жылғы 7 сәуір
Ветеринариялық санитария бойынша қызметтегі кәсіби стандарты
1. Ветеринариялық санитария бойынша қызметтегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):
1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
2) кәсіби қайта даярлау мен білігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;
4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;
6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.
Полная версия
ИС BestProfi