Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визасыз топтық туристік сапарлар туралы келісім» келісім жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визасыз топтық туристік сапарлар туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі
екі мемлекет халықтарының арасындағы өзара түсіністікті одан әрі тереңдету, мәдениетті байыту және достықты нығайту мақсатында;
екі мемлекет азаматтарының топтық туристік сапарлар жасауын жеңілдету үшін;
туризм саласындағы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында;
Осы Келісім Тараптар мемлекеттері азаматтарының визасыз топтық туристік сапарлары саласындағы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін құқықтық және ұйымдастырушылық негізді құрайды.
Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын сақтаған кезде және өздері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттар бойынша әрбір Тарап мемлекетінің тиісті міндеттемелерін орындауына нұқсан келтірместен, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Келісімге сәйкес ынтымақтастық жөніндегі өз құзыреті шеңберіндегі жұмысты үйлестіруге жауапты Тараптар мемлекеттерінің органдары (бұдан әрі – Үйлестіру органдары):
Қазақстан Республикасынан – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
Қытай Халық Республикасынан – Қытай Халық Республикасының Туризм жөніндегі мемлекеттік әкімшілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін – Қытай Халық Республикасы азаматының паспорты жарамды жол жүру құжаттары болып табылады.
Тараптар мемлекеттерінің Үйлестіру органдары өз мемлекетінің азаматтарынан тұратын туристік топтардың визасыз сапарларын ұйымдастыруға және екінші Тараптың туристік топтарын қабылдауға уәкілетті ұлттық туристік операторлар (бұдан әрі – Уәкілетті туристік операторлар) тізімін қалыптастырады.
Туристік топтардың визасыз сапарларын Тараптар мемлекеттерінің аумағында туристік операторлық қызметпен кемінде бес жыл айналысатын, тиісті лицензиясы мен келу туризмін дамыту үшін қалыптасқан туристік өнімі бар Уәкілетті туристік операторлар ұйымдастырады.
Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің Уәкілетті туристік операторларының туристік топтардың визасыз сапарларын ұйымдастыру құқығын үшінші тұлғаларға (ұйымдарға) беруіне жол берілмейді
Бір Тарап мемлекетінің Уәкілетті туристік операторлары ынтымақтастық туралы келісімшарт жасау үшін екінші Тарап мемлекетінің Уәкілетті туристік операторларының тізімінен іскерлік әріптестерді дербес таңдайды.
Ынтымақтастық туралы жасалған келісімшартты Уәкілетті туристік операторлар өз мемлекетінің Үйлестіру органына береді.
Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бір-бірімен олардың атауын, заңды мекенжайын, байланысатын адамдарының (басшылардың, менеджерлердің) телефон нөмірлерін, факс нөмірлері мен электрондық поштасының мекенжайын қамтитын өз мемлекеттерінің Үйлестіру органдары мен Уәкілетті туристік операторлары туралы мәліметтермен алмасады, сондай-ақ мөрлері бедерлерінің үлгілерімен алмасады.
Үйлестіру органдары, Уәкілетті туристік операторлар өзгерген жағдайда, олар не олардың мөрлері бедерлерінің үлгілері туралы мәліметтерді Тараптар дипломатиялық арналар арқылы күнтізбелік 10 күн ішінде бұл туралы бір-бірін хабардар етеді.  
Туристік мақсатта бір Тарап мемлекетінің аумағына визасыз сапар шегетін, бағыттаушы Уәкілетті туристік оператордың өкілін қоса алғанда, құрамында кемінде 5 адам, бірақ 25 адамнан аспайтын бір Тарап мемлекеті азаматтарының тобы туристік топ болып табылады.
Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында визасыз сапар шегетін туристік топтар үшін туризмді ұйымдастыру жөніндегі тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттерінің Үйлестіру органдары мен Уәкілетті туристік операторлары туристік топтардың визасыз сапарларын ұйымдастыру шаралары мен шарттарын жақсарту үшін жарнамалық-имидждік өнімдермен алмасып, тығыз ынтымақтасады.
Туристік топтардың мүшелері осы Келісімнің 2-бабында айқындалған жарамды құжаттар бойынша халықаралық теміржол және әуе қатынастары үшін ашық, Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша визасыз шекаралық өткізу пункттері арқылы топтардың келу және одан шығу сапарларын жасайды.
Туристік топтың мемлекет аумағында визасыз болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайды.
Бір мемлекеттің шекаралық мемлекеттік органдары екінші мемлекеттің туристік тобын бағыттаушы мемлекеттің Үйлестіру органы мен Уәкілетті туристік операторының мөрлерімен куәландырылған, туристік топ мүшелерінің тізіміндегі туристік топ мүшелерінің жарамды жол жүру құжаттарын бағыттаушы Уәкілетті туристік оператордың өкілі ұсынған кезде өткізеді.
Тізім топ мүшелері туралы мына мәліметтерді: тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жынысын, туылған жерін және күнін, азаматтығын, паспорт нөмірін, паспорттың қолданылу мерзімін, келу және одан шығу күндері мен пункттерін, әр пунктте болу мерзімі көрсетілген сапардың маршрутын, уақытша болған мекенжайын, сондай-ақ қабылдаушы Уәкілетті туристік оператордың деректемелерін қамтиды.
Қазақстан тарапы туристік топтар мүшелерінің тізімін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, қытай тарапы – қытай және ағылшын тілдерінде жасайды.
Тізім туристік топ мүшелерін уақытша тіркеуді жүзеге асыратын Тараптар мемлекеттерінің шекара органдарына, Тараптар мемлекеттерінің Уәкілетті туристік операторларына, уәкілетті органдарына беріледі.
Туристік топтарды уақытша тіркеуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
Қазақстан Республикасынан – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қытай Халық Республикасынан – Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі болып табылады.
Бағыттаушы Тараптың Уәкілетті туристік операторы туристік топтың барлық мүшелерін олардың сапары кезеңінде Тараптар мемлекеттерінің қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтандырумен қамтамасыз етеді.
Туристік топтардың мүшелері осы Келісімнің 10-бабында көрсетілген тізімге сәйкес топ құрамында ғана сапар шегеді.
Егер туристік топтың мүшесі өзіне байланысты емес жағдайлар бойынша топтың құрамында сапарын жалғастыра алмаған жағдайда, ол өз мемлекетінің дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне шығу визасы үшін жүгінеді.
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезеңде жарамды паспорттары жоғалған немесе бүлінген кезде тиісті визалармен немесе өз мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі берген жеке басын куәландыратын және өз азаматтығы мемлекетіне қайтуға құқық беретін құжаттар негізінде осы мемлекеттің аумағынан тысқары жерлерге шығады.
Туристік топ мүшесінің екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезеңінде жарамды паспорты жоғалған немесе бүлінген жағдайда туристік топ мүшелерінің тізіміне тиісті өзгеріс енгізіледі. Өзгертілген тізімді болған мемлекеттің Үйлестіру органы мен қабылдаушы Уәкілетті туристік оператор мөрлерімен растайды.
Бір Тарап мемлекетінің азаматы екінші Тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен көп болған кезде аталған азамат болған Тарап мемлекетінің құзыретті органдарында тіркеледі.
Осы Келісімде көзделген визадан босату бір Тарап мемлекетінің азаматтарын екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта ұлттық заңнаманы сақтау міндеттілігінен босатпайды.
Олардың екінші Тарап мемлекетінің аумағында болуы орынсыз деп танылса, Тараптардың әрқайсысы бір Тарап мемлекеті азаматтарының келуінен бас тарту, болуын қысқарту немесе тоқтату құқығын сақтайды.
Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын сақтау мақсатында осы Келісімді толық немесе ішінара тоқтата алады. Осы Келісімді тоқтата тұру және қайта жаңарту туралы шешім дереу екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жолданады.
Тараптар мемлекеттерінің Уәкілетті туристік операторлары туристік топтардың барлық мүшелерінің өз мемлекетіне уақтылы қайтуларына жауапты болады, ал олардың қайтуларымен проблемалар туындаған жағдайда, екі мемлекеттің тиісті құзыретті органдарымен жағдайды шешу үшін белсенді өзара іс-қимыл жасайды.
Егер ол оларды өздігінен өтей алмаған жағдайда, отанына қайтып келісімен қабылдаушы туристік ұйым келмей қалған туристің көлік шығыстарын өтейді. Түбіртектер негізінде қабылдаушы туристік ұйым екінші мемлекеттің бағыттаушы туристік ұйымына өзі шеккен шығыстарды өтеу жөнінде талап қояды.
Туристік топтар мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделері қабылдаушы Тараптың заңнамасымен қамтамасыз етіледі.
Тараптардың ақылға қонымды әрекеттерімен болжау, болғызбау мүмкін болмаған еңсерілмейтін күштің мән-жайлары басталған жағдайда (форс-мажор), қабылдаушы Тарап мемлекеттерінің Үйлестіру органдары мен Уәкілетті туристік операторлары туристік топтар мүшелерінің отанына қайтып келуі жөнінде жеткілікті шаралар қолданады.
Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға байланысты даулы мәселелер Тараптардың келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын және жазбаша нысанда ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Тараптардың әрқайсысы бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда екінші Тарапты хабардар ете отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісім екінші Тарап хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 40 күн өткен соң өзінің қолданысын тоқтатады.
  201__жылғы «___»________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай, орыс тілдерінде екі данада жасалды.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
26.9.2014: Казкенова Ж. Е. (Казкенова Ж. Е.) - - cогласовано без замечаний
26.9.2014: Мусагалиев А. В. (Мусагалиев А. В.) - - cогласовано без замечаний
Полная версия
ИС BestProfi