Близость слов: Окончание:





«Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы  1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесі  бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 154-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 1 шілдедегі № 8532 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қазандағы № 229 (28168) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2014 жылғы« »
№ бұйрығымен бекітілген
Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру 
1. Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру Әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесінде, оның ішінде, табиғи және техногенді апатты жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ, тұрмыстық және басқа да іс-әрекеттерді жобалау барысында балыққа және олардың тіршілік ортасына тигізетін зиянды анықтау негізінде жасалынды.  
2. Балық ресурстарына келтірілген шығын мөлшерін есептеу балық ресурстарының жағдайына жан-жақты теріс факторлары әсерінің салдарына сүйене отырып, заттай көріністе (килограмм, тонна) және жіберіліп алған пайданы ескере отырып, балық ресурстарының бұзылған жағдайын қалпына келтірудегі, ақша көрінісінде (теңге) анықталады.
3. Әдістеме сандық есепке алынатын шығынның бөлігін есептеу үшін әзірленді.  
4. Осы Әдістемеде балық қоры мен басқа да су жануарларына келтірілген зиян мөлшерін анықтау мен есептеу төмендегідей қарастырылады:  
Полная версия
ИС BestProfi