Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
1. Осы қаулының қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы № қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 ««Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысының 1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 қыркүйектегі №1005 «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» қаулысы.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 шілдедегі №700 «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» қаулысы.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 қарашасындағы №1126 «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2003ж., №43, 459-бап).
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 03 наурыздағы №264 «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2004ж., №11, 140-бап).
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 07 қарашасындағы №1027 «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» қаулысы.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1255 «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» қаулысының 1-тармағы.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы №1589 (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №43, 415-бап) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізген 1-тармақтың 2) тармақшасының екінші, үшінші және жиырмасыншы абзацтары.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы №602 «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» қаулысы.
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы №287 «Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» қаулысы.
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 01 шілдедегі №751 (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №45, 599-бап) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізген 2-тармақтың, 3 4,5,6,9,10,12 және 13-тармақтардың бесінші, он екінші және он сегізінші абзацтары.
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы №1153 «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы.
13. Қазақстан республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 мамырдағы №576 «Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнаулы киім үлгілерін және оны кию қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы №1153 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №77-78, 1150-бап) қаулысы.
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 «Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №45, 599-бап ) қаулысы.
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы №71 ««Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»» (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №5, 48-бап ) қаулысы.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасымен (бұдан әрі - Жоба) күзет қызметіне қатысты мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тануы қарастырылуда.
Негіздеме: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының ______ Заңы жобасымен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы», «Күзет қызметі туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңдарына, соның ішінде, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің құзіретінде қамтылатын жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші қызметтерін атқаратын жұмыскерлерді даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын мамандандырылған оқу орталығын анықтауға қатысты Заңдарына түзетулер енгізілуде және оны бекіту бойынша қажетті:
біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
жеке күзет ұйымдарының күзетші қызметін атқаратын жұмыскерлердің арнайы киімдерінің үлгілері және оны кию тәртібінің Ережелері;
«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы мемлекеттік қызмет стандарты;
Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің құжаттарының формасы және үлгілері;
Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші қызметін атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша біркелкі оқу жоспарлары мен біркелкі оқу бағдарламалары.
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы 21-бабының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы және Үкіметтің өзгертулер мен толықтырулар енгізілген кейбір шешімдерінің күшін жоюға лайықты деп ұйғардық.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
2014 жылғы « ___»___________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына түсіндірме жазба
| № р / с | Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік әзірлеуші-орган туралы мәлімет
|
| 1. | Жобаны мемлекеттік әзірлеуші-орган | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттілігінің негізі | Осы қаулы жоба Қазақстан Республикасының 2014 жылғы __ _____ «Қазақстан Республикасыеның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес әзірленген. |
| 3. | Жобаны қабылдаған жағдайда шамаланған әлеуметтік –экономикалық және /немесе құқықтық зардаптары | Құқықтық және әлеуметтік –экономикалық келеңсіз зардаптарға ықпал етпейді |
| 4. | Жобаны жүзеге асыруға байланысты шамаланған қаржылық шығындар | Жобаның іске асуы Республикалық бюджеттің қосымша шығындарын талап етпейді |
| 5. | Жобаны қабылдаудың шамаланған тимділігі, нақты мақсаты және нәтижелілігін күту мерзімі | Қазақстан Республикасы Үкіметінің күзет қызметі саласындағы бірқатар қаулысының күші жойылды деп танылғандығы |
| 6. | Президент және/немесе Үкіметтің жобада қарастырылатын бұрын қабылданған мәселелер бойынша және олардың жүзеге асырудағы нәтижесі, актілері туралы мәлімет |
|
| 7. | Кейін жобаға сәйкес заңнамаларды енгізу қажеттігі | Қажет етпейді |
| 8. | Қосымша сараптау нәтижелері (құқықтық, экономикалық, экологи ялық, қаржылық және басқа) оны өткізген жағдайда Премьер-Министрдің тапсырмасымен басқа ұйымдарда | Өткізілген жоқ |
| 9. | Басқа мәліметтер |
|
| 10. | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильді құрылғыларына материалдарды (көшірмелерін) жіберу | Р ұқсат етіледі |
| 11. | Интернет- ресурсқа жобаны орналастыру туралы ақпарат | Интернет-ресурс қа www . mvd . gov . kz орналасқан |
| 12. | Жобаға Интернет-ресурста әлеуметтік маңызы бар баспасөз парақшасының орналасқаны туралы ақпарат | Жобаның әлеуметтік маңызы жоқ |

