Близость слов: Окончание:





«Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1) «Электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0271104, индексі 24-энергетика, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0271104, индексі 24-энергетика, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
3) «Электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0281104, индексі 6-ТК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0281104, индексі 6-ТК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
5) «Тауарлық және сұйытылған табиғи газды бөлу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0291104, индексі 1-ГАЗ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Тауарлық және сұйытылған табиғи газды бөлу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0291104, индексі 1-ГАЗ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
7) «Су құбыры, кәріз және олардың жеке желілерінің жұмыстары туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0261104, индексі 1-СК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Су құбыры, кәріз және олардың жеке желілерінің жұмыстары туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0261104, индексі 1-СК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
9) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар кәсіпорындарды зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 3001104, индексі ЖЭК-001, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар кәсіпорындарды зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 3001104, индексі ЖЭК-001, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 қазан № 242 «Энергетика статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8917 болып тіркелген. 2014 жылғы 25 мамырдағы № 104 (28328) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте: 
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
Полная версия
ИС BestProfi