«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса берiлiп отырған «Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «___ »_______________ №_______ бұйрығына
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторытарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртiбiн айқындайды.
2. Теле-, радиокомпаниялардың (бұдан әрі – үміткерлер) конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауды және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуді Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) жүзеге асырады.
3. Конкурсты өткізуді ұйымдастырушы комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болады.
4. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру көп арналы хабар таратудың ортасына (цифрлы эфирлі, жерсеріктік телерадио хабарларын тарату) байланысты жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі тізбені комиссияның ұсынымы бойынша бекітеді.
6. Еркін қолжетімді мемлекеттік емес теле-, радиоарналарды тарату цифрлық эфирлі телерадио хабарларын таратуға толығымен өткенге дейін республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7. Тізбені қалыптастыру үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
8. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы жерсеріктік және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне кірген теле-, радиоарналарды таратуды қамтамасыз етеді.
9. Теле-, радиоарналары еркін қол жетімді теле-, радиоарналар тізбесіне кірген теле-, радиокомпаниялар, жерсеріктік және (немесе) цифрлық эфирлі хабар тарату арқылы теле-, радио хабарларын таратудың ұлттық операторымен теле-, радиоарналарды таратуға шарт жасасады.
2. Конкурсты өткізу тәртібі
10. Конкурс өткізу туралы шешімді ұйымдастырушы қабылдайды.
11. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mir.gov.kz интернет-ресурсында ол өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн қалғанға жарияланады.
12. Ұйымдастырушы теле-, радиоарналар тізбесіне қосуға өтінімдерді оған қоса берілетін құжаттармен бірге қабылдауды ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастайды және конкурс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күні қалғанда аяқтайды.
Өтінім және қоса берілген құжаттар беттері нөмірленіп, тігілген түрде, соңғы беті үміткердің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін – бар болса) расталып, жапсырылған конвертте ұсынылады.
Ұйымдастырушы үміткерлерден қосымша құжаттар мен міндеттемелерді талап етпейді.
13. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен конкурсқа қатысуға өтінімдер және оған қоса берілетін құжаттар қабылданбайды.
14. Комиссия осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресімделген өтінімдер мен құжаттар салынған конверттерді конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген орында және мерзімде ашады.
15. Егер ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 12-тармағының екінші абзацында және осы Қағидалардың 1, 2-қосымшаларында көзделген талаптарға сай келмеген жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
16. Ұйымдастырушы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған комиссия төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды.
17. Тақырыптық бағыты мен жанрлық арақатынасы, меншікті теле-, радиобағдарламаларының, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияның көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орташа тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті жеңімпаздарды анықтау кезіндегі іріктеу критерийлері болып табылады.
18. Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берген үміткерлер конкурс жеңімпаздары болып танылады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
19. Комиссия конкурстың қорытындысын конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарады. Конкурс қорытындысы бойынша комиссия ұсынымдары комиссия мүшелерінің қолы қойылатын хаттамамен ресімделеді.
20. Ұйымдастырушы Комиссия хаттамасының көшірмесін және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің тізбені бекіту туралы бұйрықты конкурс қорытындысы шығарылғаннан соң бір ай ішінде Қазақстан Республикасының әділет министрлігіне жолдайды.
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидасына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия төрағасына
Өтінім
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне қосуға
Жалпы мәліметтер:
1. Толық атауы
Заңды тұлға/ жеке тұлға Т.А.Ә.
_______________________________________________________________
2. Заңды мекенжайы:
_______________________________________________________________
3. Телефон, факс нөмірлері:
_______________________________________________________________
4. Теле-, радиоарнаның атауы:
_______________________________________________________________
5. Тақырыптық бағыты:
_______________________________________________________________
6. Тарату аумағы:
_______________________________________________________________
7. Көпарналы хабар тарату ортасы (цифрлық эфирлік/жерсеріктік):
_______________________________________________________________
Бірінші басшының/
дара кәсіпкердің қолы
МО 20__ ж. «___»___________
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидасына 2-қосымша
Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары
Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай бөлімдерді қамтуы қажет:
Шығармашылық ұсыныстар
теле-, радиоарналарды тарату торы (келесі айға);
мына мәліметтерден тұратын ақпарат:
1) теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты мен олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалар мен көркем және деректі фильмдер);
2) хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі
теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақыты;
3) меншікті теле-, радиобағдарламаларының, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрасляцияның арақатынасы;
4) орташа тәуліктік тарату уақыты;
5) шығармашылық және техникалық жұмыскерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуеті.
Техникалық ұсыныстар
Үміткер мыналарды ұсынады:
теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және түрі туралы ақпарат;
аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамасы;
дыбысы мен бейнесінің сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларын эфирге беру жөніндегі міндеттеме;
студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны ұлттық оператордың желісіне дейін беру тәсілі туралы ақпарат;
сигналдың (теле-, радиоарнаның) ұлттық оператордың желісіне дейін жетуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме.
Қаржылық ұсыныстар
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:
1) банк немесе банк филиалы алдында анықтама берілген күннен бұрын үш айдан астам мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы қол қойылған және мөр басылған банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы;
2) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) конкурстық өтінім конверттері ашылған күннен кейін бір айдың ішінде берілген үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер мен салық берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем емес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің және салық берешегінің бар екені туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы;
техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға және басқа да капиталдық салымдардың жалпы шығындарын көрсету.
Үміткер өзінің пікірі бойынша Комиссияға конкурстық ұсынысты объективті түрде бағалауға мүмкіндік беретін, конкурстың мәніне байланысты кез келген мәліметі бар қосымша құжаттарды ұсына алады.
«Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына негіздеме – анықтама
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұ сынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 16) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) |
|
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Жоқ |
| 7. | Нормативтік құқ ы қ ты қ актіні м ү дделі мемлекеттік органдармен келісу туралы м ә лімет | Жоқ |
| 8. | Жеке к ә сіпкерлік субъектілеріні ң м ү дделерін қ оз ғ айтын нормативтік құқ ы қ ты қ актілер жобаларыны ң б ұқ аралы қ а қ парат құ ралдарында , интернет - ресурстарды қ оса ал ғ анда , жариялау туралы м ә ліметтер | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www. mid .gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің директоры А. Әлиақпаров
2014 жылғы « »

