Близость слов: Окончание:





«Қазақстан экономикасының орман саласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 10595 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан экономикасының орман саласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулы жобасын қарап (бұдан әрі – Қаулы жобасы), келесіні хабарлаймыз.
Мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларымен үйлестіру мақсатында Қаулы жобасының Іс-шаралары жоспарындағы «Ағаш-тақта материалдары мен биоотын өндіруші ағаш өңдеу кәсіпорындарының жаңа өндірістік қуаттарын құрумен байланысты «Даму» АҚ арқылы екінші деңгейдегі банктердің несиелері бойынша пайыздық ставкаларды қаражаттандыруды жүзеге асыру» 50-тармақты келесі редакцияда жазуды ұсынамыз: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ағаш өңдеу өндірісі кәсіпорындарына қолдау көрсету».  
Іс-шаралар жоспарының 56-тармағында «Біріккен халықаралық жобаларға (көрмелерге) қатысу арқылы орман шаруашылықтарына және ағаш өңдеу саласына өнімдерін экспорттық нарықта өткізуге қолдау көрсету» іс-шарасы атауының тұжырымы жалпылай сипатта жазылған және ұсынылып отырған шара нәтижеге бағдарланбаған деп санаймыз. Осы орайда бұл тармақты келесі редакцияда жазу мақсатқа сай келеді: «Орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу саласының өнімін шетелдерде ілгері жылжытудың пәрменді тетігін қабылдау». Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын (бұдан әрі – ҰКП) бірлесіп орындаушы ретінде қосу қажет.
Іс-шаралар жоспарының «Ағаш шикізатын ЕАЭО елдерінен тасымалдауға және дайын өнімдерді экспорттауды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдауға тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдау» 58-тармағын, қолдау көрсету нысанын нақтылау мақсатында келесі редакцияда жазуды ұсынамыз: «Төмендету коэффициентті қолдану нысанында ағаш шикізатын теміржол көлігімен ЕАЭО елдерінен тасымалдауға және экспорт үшін қайта өңдеудің жоғарғы үлесімен ағаштан жасалған дайын өнімдерді өндірушілердің тасымалдауына тарифтерді төмендету бойынша пәрменді шаралар қабылдау».  
Іс-шаралар жоспарының «Ағашты терең қайта өңдеуді дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған қаржы құралдарын әзірлеу» 59-тармағының тұжырымын күшейту және мазмұнын кеңейту мақсатында келесі редакцияда жазуды ұсынамыз: «Ағаш өңдеу саласындағы импортты алмастыру, шикізатты және қосымша құны жоғары өнімдерді терең қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту және құру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын жаңғыртуға бағытталған, кепілсіз қаржыландыруға негізделген қаржылық қолдау тетіктерін әзірлеу» Сондай-ақ, ҰКП-ні іс-шараның бірлесіп орындаушысы ретінде көрсетуді ұсынамыз.
«Энергетикалық плантацияларды өсірудің үлгілік жобаларын әзірлеу» 63-тармағын плантациялық көшеттерді дамытуға арналған қолдау көрсетудің жеткілікті шарасы емес және нәтижеге бағдарланған емес деп санаймыз, осы орайда бұл тармақты келесі редакцияда жазу мақсатқа сай деп санаймыз: «Орман плантацияларын құру және дамыту бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің пәрменді тетігін қабылдау». Сондай-ақ, ҰКП-ні іс-шараның бірлесіп орындаушысы ретінде көрсетуді ұсынамыз.
Іс-шаралар жоспарының «Орманды кесу Қағидасын жетілдіру» 76-тармағына ҰКП-ні іс-шараның бірлесіп орындаушысы ретінде енгізуді ұсынамыз.  
Іс-шаралар жоспарының «Орманды қорғау және табиғатты қорғау мекемелерінің өз қаражаттары және бизнес-құрылымдар есебінен орман саласының мамандарын нысаналы дайындауды жүзеге асыру» 102-тармағын саланы дамыту үшін іс-шарадағы шараның тиімсіздігі себебінен алып тастауды ұсынамыз.
«Орман ресурстарының пайдаланудың тиімділігін арттыру» 2-Бөлімін мынадай іс-шаралармен толықтыруды ұсынамыз:
«Ағаш өңдеуші кәсіпорындарға ағаш дайындау, ағашты қайта өңдеу, орман жолдарын салу, өрт сөндіру, ЖЖМ сатып алу үшін техника мен жабдықтар лизингі бойынша қолдау көрсетудің мемлекеттік шараларына қолжетімділікті («ТДҰА» АҚ және «Қазагро» ҰБХ арқылы) қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау».  
«Ағаш өңдеу кәсіпорындарын әрі қарай жұмыспен жүктеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында, олардың жұмыспен жүктелмеген өндірістік қуаттарына мониторинг жүргізу»;  
«Ағаш өңдеу кәсіпорындары үшін «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру»;
«Кеспе ағаш қорының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында орман шаруашылығы жолдарын қайта құру және салу бойынша шаралар қабылдау»;
«Шығыс Қазақстан облысында орман шаруашылығын және ағаш өңдеу саласын дамыту жөніндегі арнайы экономикалық аймақ құру бойынша мәселені қарау»;
«Сала субъектілерімен КО аумағына үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шаралар қолдану бойынша бірыңғай позицияны жасау»;
«Ұлттық компаниялар тарапынан ағаш өңдеу кәсіпорындарының тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алуға ұзақ мерзімді шарттар жасауға жәрдемдесу»;
«ҚР-ға ЕАЭО елдері аумағынан целлюлоза, ағаш шикізаттарын шығару және жеткізу кезінде кедергілерді азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу»;
«ЭЫДҰ консультанттарын тарта отырып, ағаш өңдеу саласына қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік шаралардың тиімділігіне талдауды жүзеге асыру»  
«Ағаш өңдеу саласына инвесторларды тарту және ілесіп жүру бойынша сервистік қызметтер көрсету».
«Орман саласының кадрлық және ғылыми әлеуетін жетілдіру, саладағы мамандықтардың қоғамдық маңыздылығын арттыру» 2-Бөлімін мынадай іс-шаралармен толықтыруды ұсынамыз:
«Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулысына орман шаруашылығын және ағаш өңдеу саласын және олар бойынша сыни тежнологияларды Қазақстан экономикасының негізгі салалары санына енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу»;  
«Жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес ағаш өңдеу саласы ұйымдарына мамандарды дайындау үшін кәсіби және білім беру стандарттарын әзірлеу және енгізу»;
«Орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу саласының мамандарға ағымдағы және болашақтағы мұқтаждықтарын айқындау»;
Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 800 Қаулысынадағы инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары тiзiмiне мынадай толықтыру енгiзу ұсынысын қарастыру: Ағаш өнеркәсібі кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының негізінде дәлелді жауап ұсынуды сұраймыз.
Полная версия
ИС BestProfi