2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 9-2-6/3003-И 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 9-2/3041-И хаттарға
«Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 10596 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
Екінші санаттағы асыл тұқымды малға мәртебе беруді нақтылау мақсатында 6-тармақты мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтыруды ұсынамыз: «бірінші не екінші санаты бар аналық мал немесе шығу тегі құжатпен расталған ірі қара малдың тиісті тұқымы бойынша төртінші ұрпақтан төмен емес мал».
Ұсынылған Қағида жобасында екінші санат берілетін мал анасы туралы ақпараттың болмауына байланысты, осы ережені енгізу екінші санаттағы мәртебені беруге қатысты даулардың туындауын болдырмауға мүмкіндік береді. Осы Ереженің болмауы бірінші ұрпақтың будандары болып табылатын, алайда негізгі тұқымдардың бірі бойынша айырымдық көрсеткіштері бар екінші санаттағы мал мәртебесін алуға үміттенуге мүмкіндік береді.
Басқарма мүшесі Никитинская Е.
Полная версия

