ХеппиДерм Форте
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Төрағасының 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 603 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық ХеппиДерм Форте
Саудалық атауы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль
Құрамы
1 баллонның ішінде
белсенді заттар: 2,5 г немесе 5 г декспантенол, 0,05 г немесе 0,1 г аллантоин, қосымша заттар: Euxyl® PE 9010 (феноксиэтанолға шаққанда), DL-пантолактон, цетостеарил спирті, калий цетилфосфаты, глицерин, диметикон ДМ 100, тазартылған су, хладон 134а
Сипаттамасы Препарат баллоннан шығар кезінде ақ түсті көбік түзеді Фармакотерапиялық тобы
Аса қатты тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды D03AX
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы
Декспантенол терімен жылдам сіңіріледі, жасушаларда пантотен қышқылына айналады. Қанда пантотен қышқылы қан плазмасы протеиндерімен (негізінен β-глобулиндерімен және альбуминмен) байланысады. Пантотен қышқылы организмде метаболизденбейді және өзгермеген түрде шығарылады, дозаның 60-70% несеппен, қалғандары – нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Біріктірілген препарат, әсері декспантенол және аллантоин қасиеттеріне негізделген.
Декспантенол – пантотен қышқылы суда еритін витаминінің синтетикалық туындысы. Декспантенолдың төмен молекулалық салмағы, гидрофилдігі және төменгі полярлығы оның терінің барлық қабаттарына өтуін мүмкін етеді. Декспантенол пантотен қышқылы тапшылығын толықтырады, қабынуға қарсы әсерге ие, регенерация үдерістерін көтермелейді. Пантотен қышқылы, іс жүзінде барлық метаболикалық үдерістерге қатысатын (трикарбон қышқылдары циклі, көмірсу, май және май қышқылдары алмасуы, фосфолипидтер, ақуыздар және т.б.) эссенциалды коэнзим А (СоА) компоненті болып табылады, оның ішінде тері регенерациясын көтермелейді және коллаген талшықтары төзімділігін арттырады. Бұл қышқылға қажеттіліктің жоғарылауы тері жабыны немесе тіндер зақымдануы кезінде байқалады.
Аллантоин – тұтқыр және кератолитикалық дәрі, қабынуға қарсы, тартатын әсер береді, эпидермис грануляциясын жұмсартады және стимуляциялайды, эпителийді регенерациялайды, ауырсынуды азайтады.
Полная версия

