Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасында
дәрілік заттарды мемлекеттік
тіркеу, қайта тіркеу туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2014 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 604 бұйрығына қосымша
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Олазоль®
Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль, 80г
белсенді заттар:  шырғанақ  майы - 7,20 г хлорамфеникол - 2,16 г  
 қосымша заттар:  троламин, сусыз  ланолин, стеарин қышқылы,  глицерол, тазартылған су,  хладондар қоспасы 22 және 142 В (дифторхлорметан + дифторхлорэтан)                                   
 Препарат баллоннан сары немесе  аздаған қызғылт реңді сары түсті көбік болып шығады                                                          
Антисептикалық және зарарсыздандыратын препараттар. Басқалары.
 Жараларды жазатын дәрі.  Бактерияларға қарсы және жергілікті жансыздандырататын әсері бар,  экссудацияны азайтады,  тіндердің регенерациялануына ықпал  етеді және жаралардың эпителизациялану үдерісін жеделдетеді.   
- жұқпа жұқтырған жараларда (оның ішінде  тез жазылмайтын жараларға)
Жараның беткейін мүмкіндігінше іріңнен, некроздық тіндерден тазартады және көбіктің біркелкі қабатын күнделікті немесе күнара жағу керек, ал жаралар мен күйікті ашық емдегенде қабыну сипатына және зақымданған тіндердің регенерациясы сатысына байланысты  тәулігіне  – 1-4 рет.  
 Емдеу курсы дәрігермен жекелей анықталады.   
Көбіктің біркелкі қабатын алу үшін  баллонды 10-15 рет шайқау керек. Көбікті 1-5 см қашықтықта барлық жара беткейін жапқанша жағады.  
 Аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін,  ол анықталған жағдайда емдеуді тоқтату және десенсибилизациялайтын емді тағайындау  керек.    
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Емдеу кезінде жүйелі бактерияға қарсы емді қолдануға  болады.  
Басқа сыртқа қолданылатын дәрілік заттармен қолдану мүмкіндігі және қажеттігі қабыну сипатына және зақымданған тіндердің регенерациясы сатысына байланысты емдеуші дәрігермен жекелей анықталады.
 Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы.   
Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіпті  механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
80 г препараттан клапанмен, бүріккіш қондырғымен және сақтандырғыш қалпақшамен аэрозольді, алюминий баллонға салынған. Аэрозольді, алюминий баллонға өздігінен жабысатын материалдан жасалған заттаңба жапсырылады. Бүріккіш қондырғымен және сақтандырғыш қалпақшамен аэрозольді, алюминий әрбір баллон медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Құрғақ жерде, тікелей күн сәулесінен және жылыту құрылғыларынан, от көзінен алшақ, 15°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!  
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы,  телефон нөмірі, факс нөмірі,  электронды поштасы  
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69
Полная версия
ИС BestProfi