Близость слов: Окончание:





«Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны бекітілсін.  
2. «Қалалар мен шаруашылық жүргізу объектілерін санаттау дәрежесіне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 36424 болып тіркелді және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2008 жылғы 27 наурызда жарияланды) күші жойылды деп танылсын. 
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;  
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2014 жылғы қыркүйектегі
 № бұйрығымен
 бекітілді
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны
  1. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары - бұл халықты қорғау, соғыс уақытында экономика объектілері жұмысының тұрақтылығын арттыру, ықтимал қираулардың, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану салдарынан халықтың шығынының алдын алу немесе азайту, зақымдау ошақтарында, авариялар және дүлей зілзалалар аудандарында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.   
2. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының жалпы талаптарына: қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардан, сондай-ақ авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың салдарынан халықты қорғауды қамтамасыз ету; объектілерде өрт қауіпсіздігін арттыру; электр қуатымен, газбен, сумен резервтік жабдықтауды ұйымдастыру; сумен жабдықтау объектілерін зақымдау құралдарынан қорғау, объектілерді жарықтан қорғауды жүргізуге дайындық және басқалар жатады.  
3. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар мен олардың қосалқы факторларының ықтимал әсер етуі бойынша аумақтарды аймақтарға бөлуді ескере отырып, азаматтық қорғаныс бойынша қалалардың топтары мен ұйымдардың санаттарына, сондай-ақ ықтимал авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың сипаты мен көлемдеріне байланысты айқындалады.
Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабымен айқындалады.
Полная версия
ИС BestProfi