«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көресітлетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті (С.Т. Құсетов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
| « КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі __________________ Е . Досаев 2014 жылғы «___» _________ | « КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасы Инвистициялар және даму министрі ____________________ Ә . Исекешев 2014 жылғы «___» ______________ |
Бекітілді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен
«Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның төлнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
Полная версия

