Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің  13-бабының 18-33) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.  
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы ____ ___________
 № ____ бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи - мәдени,туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары
 

Р/с

Өрт сөндіру құралдары

Құрал-сайман саны

Келетін адам саны

Турбазаларда (демалушы 100 адамға шаққанда)

6-10 адам

10-30 адам

30 адамнан көп

1

Өнімділігі минутына 600-800 литр өрт сөндіру мотопомпалары, дана

-

-

-

1

2

Күректер, дана

1

3

5

30

3

Балталар, дана

1

2

3

10

4

Сабалағыштар, дана

4

8

10

20

5

Қоларалар немесе бензин аралары, дана

-

1

1

10

6

Арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер, дана

1

3

5

8

7

12 литр су сиятын шелектер немесе резеңке ыдыстар, дана

1

3

5

30

Полная версия
ИС BestProfi