Близость слов: Окончание:





«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті (Ахметов Е.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы Вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы « » __________
 № _________ бұйрығымен
 бекітілген
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары
1. Осы Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялаудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялаудың негізгі мақсаты ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығару үшін оның экономикалық қолжетімділігін арттыру болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кепілдендірілген сатып алу бағасы – өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін, ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден ауылшаруашылық өнімін сатып алу жүзеге асырылатын баға;
2) сатып алу бағасы – қайта өңдеуші кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті өнім өндіруі үшін ауылшаруашылық өнімге ұсына алатын бағасы.
2. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялаудың шарттары
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесіне сәйкес қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындары оның ішінде өңделме шикізат негізінде субсидиялауға жатады.
5. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді көздейді.
6. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығару үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар қайта өңдеуші кәсіпорындарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша Алматы және Астана қалалары, облыстар әкімдіктерінің шешімі бекітілетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шикізатқа қайта есептеу коэффициенті мен сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативтерін ескере отырып, кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімдерінің тізбесіне сәйкес өндірілген өнім бірлігіне төленеді.»;
3. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
7. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында субсидия алуға қайта өңдеуші кәсіпорындардың тізімін қалыптастыру үшін облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімімен құрамында облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің, оның ішінде ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдері, сондай-ақ салалық қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының өкілдері бар ведомствоаралық комиссиялар құрылады. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасары ведомствоаралық комиссияның төрағасы болып табылады.  
8. Ведомствоаралық комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Ведомствоаралық комиссияның хатшысы ведомствоаралық комиссияның мүшесі болып табылмайды.
9. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
10. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Басқарма облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің интернет- ресурсында және облыстық (қалалық) ресми баспаларда субсидиялау үшін қайта өңдеуші кәсіпорындарының өтінімдерін қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
11. Субсидиялар алуға арналған тиісті құжаттар қоса берілген өтінімдерді қабылдауды өткен жылдың төртінші тоқсаны және ағымдағы жылдың бірінші, екінші, үшінші тоқсандары үшін басқарма ағымдағы жылдың 1 қазанынан 30 қарашасына дейін жүзеге асырады.  
12. Субсидия алушылардың тізіміне қосу үшін қайта өңдеуші кәсіпорындар Басқармаға бірінші басшы немесе өтінімге қол қоюға құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар адам қол қойған, өтінім берушінің мөрімен бекітілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді ұсынады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың түпнұсқасы (тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат) немесе куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) тереңдете қайта өңделген өнім өндірісін растайтын құжаттар – кәсіпорынның тереңдете өңдеп өнімді өндіргені және өткізгені туралы статистика органының құжатты қабылданғаны туралы белгісі бар есептерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (түпнұсқасын салыстыру үшін міндетті түрде бере отырып, көшірмесі) (егер ондай құжаттар болмаған жағдайда ауылдық округ әкімдігінің тереңдете қайта өңделген өнім өндіру көлемдері туралы анықтамасы ұсынылады);
3) тереңдете қайта өңдеп өнім шығару үшін пайдаланылған ауылшаруашылық өнімді сатып алуды растайтын құжаттар – кәсіпорынның өндірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнімнің (көрсетілетін қызметтің) орташа бағалары туралы статистика органының құжатты қабылданғаны туралы белгісі бар есептерінің нотариалды қуәландырылған көшірмелері (түпнұсқасын салыстыру үшін міндетті түрде бере отырып, көшірмесі) немесе қайта өндеу өнімдерін өндіруді (өнімді қоймаға қабылдау туралы қоймалық жүк құжат аталған өнімдердің кіріске алынғанын көрсете отырып бухгалтерлік теңгерім) сондай-ақ қайта өңдеп өнім өндіру үшін пайдаланылған шикізатты сатып алуды (шарт, шот-фактура, сатып алу акті) растайтын, кәсіпорын мөрімен расталған құжаттар көшірмелері;
4) қайта өңдеуші кәсіпорынның банктік шотының болуы туралы банк анықтамасы;
5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есепті кезеңде бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бағалау үшін ақпарат.
6) өңделме шикізаты негізінде өнделген өндірілген өнім көлеміне өтінімдер берген жағдайда, шикізатты қайта өндеу бойынша қызмет көрсетуге қосымша шарт және шарт бойынша өңделме шикізатынан нақты орындалған қызметтердің құнын толық төлегенін растайтын құжаттар ұсынылады.
13. Өтінімді тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде басқарма қайта өңдеуші кәсіпорын ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Ұсынылған құжаттар сәйкес емес және/немесе толық емес болған жағдайда, басқарма өтінімді тіркеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қайтару себептерін жазбаша негіздей отырып, өтінім берушіге ұсынылған құжаттарды пысықтауға қайтарады.
Пысықталған құжаттарды қайта өңдеуші кәсіпорын осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімде ұсына алады.
14. Қайта өңдеуші кәсіпорын осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, басқарма үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды ведомствоаралық комиссияның қарауына жібереді.  
15. Ведомствоаралық комиссия үш жұмыс күні ішінде оларға тиесілі субсидиялар көлемдерін көрсете отырып, бюджеттік субсидиялар алуға арналған қайта өңдеуші кәсіпорындардың тізімін қалыптастырады.  
Әрбір қайта өңдеуші кәсіпорын үшін субсидиялар көлемі тереңдете қайта өңдеп өндірілген өнім көлемі мен шикізатқа қайта есептеу коэффициентін ескере отырып, дайын өнімді өндіру үшін қажетті сатып алынған ауылшаруашылық өнімдерінің нақты көлеміне байланысты белгіленеді.  
16. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың өтінімдері облысқа, Астана және Алматы қалаларына бөлінген субсидиялар көлемінен асып кеткен жағдайда, ведомствоаралық комиссия субсидиялар көлемін бағдарламаға қатысушы қайта өңдеуші кәсіпорындарға субсидиялауға жататын ауылшаруашылық өнім көлеміне байланысты пайыздық қатынаста барабар түрде бөледі.
17. Субсидиялау тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шеңберінде жүзеге асырылады.  
18. Қайта өңдеуші кәсіпорынға субсидиялар беруден бас тартуға:
1) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесіне кірмейтін ауылшаруашылық өнімдерді сатып алу;
2) осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын уақтылы ұсынбау негіз болып табылады.
4. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын өтеуге субсидиялар төлеу тәртібі
19. Басқарма қайта өңдеуші кәсіпорындар ұсынған растау құжаттарының негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.
20. Басқарма қайта өңдеуші кәсіпорындардың банк шоттарына оларға тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды ведомствоаралық комиссия шешімінің негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес тиісті жылдың 30 желтоқсанына дейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлеуге шоттарды қоса бере отырып, төлеу үшін шоттар тізілімін ұсыну арқылы немесе электрондық құжат айналымының «Қазынашылық - клиент» ақпараттық жүйесі арқылы құжаттардың электрондық үлгілерін қалыптастыру және жіберу, есептерді қалыптастыру арқылы жүзеге асырады.
21. Басқарма есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі, субсидияларды игеру туралы ақпарат береді.
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың
 ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп
 өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын
 субсидиялау қағидаларына
 1-қосымша
Дайын өнімді шикізатқа қайта есептеу коэффициенттері  
 

Ауылшаруашылық өнімнің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Тереңдете өңделген өнімдерді шикізатқа аудару коэффициенті, %

1

2

3

Қант қызылшасы

қант

12,0

Сүт

Сары май

22,5

Сүт

Қатты ірімшік

12,0

Сүт

Құрғақ сүт

7,3

Жүгері

Карамель (крахмал) сірнесі

1,58

Қайта өңдеуші кәсіпорындардың
 ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп
 өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын
 субсидиялау қағидаларына
 2-қосымша
«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді.
Бағдарламаға қатысушы туралы ақпарат:
  толық атауы__________________________________________________
 заңды мекенжайы________________________________________________
 нақты мекенжайы, телефоны, факс, электрондық мекенжайы___________________________________________________________
 банктік деректемелері_____________________________________________
бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметтік телефоны
 ЭҚТЖ бойынша негізгі қызмет түрі___________________________________
 қызметкерлердің нақты саны_______________________________________
 кәсіпорынның қуаты жылына ____________ тонна (шикізат және/немесе дайын өнім бойынша көрсету).
Тереңдете қайта өңделген өнімдердің көлемі (есепті кезең бойынша):
Қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін пайдаланылған ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу көлемі:
Ауылшаруашылық өнімін сатып алу және тереңдете қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемдерін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Жалған ақпарат ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын.
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың
 ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп
 өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын
 субсидиялау қағидаларына
 3-қосымша
Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі туралы ақпарат
 

Кәсіп-орындар-дың атауы, мекен-жайы телефоны

ЖС Н БС Н

Кәсіп-орын-ның жоба-лық қуаты, жылы-на тонна

Бөлін-ген субси-диялар, мың теңге

Өткен жылы терең-дете өңдеп өндіріл-ген өнім көлемі, тонна

Есепті кезең ішінде терең-

дете

өндеп өндіріл-

ген

өнім көлемі, тонна

Өткен жыл-дың жүкте-мелігі, %



Есепті кезең-дегі жүкте-мелігі,

%



1

2

3

4

5

6

7

8

































































































Ескертпе: Қайта өңдеуші кәсіпорындар бірінші рет өтінім бергенде 4-баған толтырылмайды
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың
 ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп
 өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын
 субсидиялау қағидаларына
 4-қосымша
________ жылға арналған қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алуға бюджеттік субсидияларды төлеу ведомосі
 

Р/с №

Аудан-ның атауы

Қайта өңдеуші кәсіп-орынның атауы

Терең-

дете қайта өңделген өнімнің түрі

Өндіріс көлемі, кило-грамм

Шикі-затқа қайта есеп-теудің коэф-фици-енті, %

Пайда-ланған шикі-зат көлемі, кило-грамм

(7=5х6)

Суб-сидия-лар норма-тиві, теңге/

кило-грамм

Төле-

нуге жата-

тыны,

теңге

(9=7х8)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



Жиыны :















 Төленетін сома_____________________________________________
_____________________ облысы басқармасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы ______________________________________________________
«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығына анықтама-негіздеме
 



Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»

2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы

6-бабының 10) тармақшасы

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін

оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы

13 мамырдағы № 486 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8 .

Ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін).



Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ә. Жеңісов
Полная версия
ИС BestProfi