Близость слов: Окончание:





«Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 18) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
Қоса беріліп отырған Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті (Б.Н. Сәрсенов):
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпараттар құралдарына жіберуді;
«Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жолдануын;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму Министрі

____________ Т. Дүйсенова

2014 жылғы «____»________

Қазақстан Республикасының
 энергетика Министрінің
 2014 жылғы « »
 № бұйрығымен
 бекітілген
Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
Қағидаларды қолдану саласы және тәртібі
1. Осы электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі талаптарды белгілейді.
2. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сумен жабдықтау жүйесінің жылу-күші, механикалық және су даярлау жабдықтарын, жылу автоматикасы мен өлшеу құрылғыларын, отын-көлік, қазандық, турбиналық және химиялық цехтарын, қолданыстағы және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, жылу желілерін, жылу пункттері мен жылу қазандықтарын пайдалану, жөндеу және сынау жұмыстарын атқаратын тұлғаларға арналған.
Полная версия
ИС BestProfi