«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-18)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдауға рұқсат беру қағидасы жана редакцияда бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы № бұйрығымен бекітілді
Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары
(бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
Полная версия

