«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы «___» ________ № ____ бұйрығымен бекітілді
Теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22-2) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) теміржол вокзалы – класына қарай халыққа теміржол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үйлердің, ғимараттардың (жолаушы платформаларын, вокзал өтпелерін және вокзал маңындағы аумақты қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;
2) класын айқындау – осы әдістемеге сәйкес балдық жүйе бойынша айқындалатын жұмыс (көрсетілген қызметтер) көлеміне және техникалық жабдықталуына байланысты осы вокзал жатқызылатын топтың атауы;
3) тұтынушылар – теміржол көлігінің жолаушылары, теміржол вокзалына келіп-кетушілер (соның ішінде жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушылар);
4) пайдаланушылар – жолаушылар теміржол тасымалдары саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін теміржол вокзалы алаңдарын пайдаланатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер.
3. Әдістемені теміржол көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қолданады.
2. Теміржол вокзалдарының класын айқындау
4. Теміржол вокзалдарының класын айқындау мынадай жиынтық көрсеткіштерді қамтиды:
1) жылдық есептеуде тәулігіне жөнелтілген жолаушылардың жалпы саны 1 жолаушы - 1 балл;
2) алаңның әрбір 100 шаршы метр вокзалдық үй-жайларды күтіп-ұстау - 1 балл;
3) осы әдістемеге қосымшаға сәйкес теміржол вокзалдарының класы бөлінісінде балдық градация;
4) техникалық жабдықталуы (қосымша құрылыстар мен жабдықтар), соның ішінде эскалаторлар, лифттер, электрондық көрсеткіш тақта, жаяу жүргіншілер көпірлері, жерасты өтпелер әрбір объектіге (бірлікке) 0,05 балдан.
5. Теміржол вокзалының класы төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:
К=(Ж*1)+(S/100 ш.м)+Т
мұндағы:
К - вокзал класы,
S - вокзалдық үй-жайларды (жалпы алаңы) күтіп-ұстау,
Т - қосымша құрылыстар мен құрал-жабдықтар.
Ескертпе:
балды есептеу бөлігінде математикалық есептеулер жүргізу жөнелтілген жолаушылар саны есебінен айқындалады;
балды есептеу бөлігінде математикалық есептеулер жүргізу теміржол вокзалының техникалық паспортында көрсетілген теміржол вокзалы ғимаратының алаңына сәйкес айқындалады.
алынған көрсеткіштерді жиынтықтау класты айқындайтын балдар санын береді.
Математикалық есептеулер жүргізілген кезде бөлшек сандар бүтін санға дейін дөңгелектеуге жатады. Егер алынып тасталатын сандардың біріншісі 5-тен көп болса, онда сақталатын сандардың соңғысы бірлікке ұлғаяды. Ұлғайту бірінші алынып тасталатын сан 5-ке тең болғанда да жасалады.
Теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесіне қосымша
Теміржол вокзалдары класы бөлінісінде балдық градация
1. Вокзалдар орындалатын жұмыстар күрделілігіне және көлеміне байланысты градация бойынша төрт класқа бөлінеді:
1) кластан тыс;
2) 1-класс;
3) 2-класс;
4) 3-класс.
Кесте
| атауы | кластан тыс | 1-класс | 2-класс | 3-класс |
| вокзал | 2 500-ден және одан астам балл | 700-ден 2 499 балға дейін | 300-ден 699 балға дейін | 101-ден 299 балға дейін |
2. Тиісті есептеулер жүргізілгеннен кейін кесте бойынша есептеулер негізінде вокзал мәртебесі беріледі.
«Теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы « »_________№__ бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi | Мемлекеттік органның |
| 1. | Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
|
| 2. | Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгi (мемлекеттiк органның құзыреті) | «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22-2) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы
|
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Теміржол вокзалдары қызметінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 1320 қаулысы |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердi көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет | Талап етілмейді |
| 8 | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында www .mid .gov .kz орналастырылған |
| 9 | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | жоқ |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаменті директоры М. Елеусіз
2014 жылғы «___»______________

