2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 9-2-6/3105-И хатқа 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 9-2-6/3172-И хатқа
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 10 қазандағы № 11125 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі - Қағидалар) қарап, келесіні хабарлаймыз:
1. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес, нормативтік құқықтық актінің ережелері анық және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым. Бұдан басқа, аталған Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес, Ұлттық палата коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
Сонымен қатар, Қағидаларда қолданылатын «қоғамдық ұйым» деген ұғым әртүрлі мағынаға ие.
Осы жағдайда әкіммен құрылған комиссия оның құрамына қызметі агроөнеркәсіптік кешен саласын қозғамайтын кез келген қоғамдық бірлестікті енгізу кезінде құрылуы мүмкін.
Осылай қалыптасқан Комиссия жұмысы формальды сипатта болады деп есептейміз.
Осылайша, жоғарыда аталған Заңның 8-бабы 2-тармағының 2-тармақшасын іске асыру мақсатында, Қағидалар жобасының 13-тармағында облыстық комиссия құрамдарына Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен салалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін міндетті түрде қосуды талап етеміз.
2. Қағидалардың 1-қосымшасында ұсынамыз:
- бюджеттік субсидияның нормативін өз өндірісінінің өткізілген өнімінің 1 килограмына шошқа еті бойынша бірінші деңгей үшін 171 теңгеге дейін арттыру.
Азықтандырудың заманауи жүйесін қолданылатын өнеркәсіптік күтіп ұстау кезінде шошқа етінің 1 килограмын өндіруге жұмсалған шығындар көрсеткіші осының негіздемесі болып табылады. Бұл ретте нәтижесінде азық құнының 30%-на дейін жететін азықтың орташа жылдық құнының артуы, азықты тасымалдау, сақтау және қайта өңдеу сияқты факторларды есепке алу қажет.
Азықтандыру рационын қайта қараған кезде азықтандыру рационының құрамын азайтқанда жануарлардың өнімділігі төмендейді, сонымен қатар оларды тауарлық салмаққа жеткізуге дейін күтіп-бағуға жұмсалатын шығындар көбейеді.
Соңында, қағидаларға сәйкес субсидияландыруға жататын барлық азықтың жалпы құнының 30% көлеміндегі шығындардың бір бөлігі 171 теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда асыл тұқымды малдардың өнімділігін жоғарылату үшін, шаруашылықтар асыл тұқымды малдарды сатып алудан бастап оларды күтіп-бағуға дейін біршама қаражат жұмсайды.
Осының барлығы өндірушілерге шығындардың ауыртпалығын түсіреді және малдың генофондын уақытында жаңартуға мүмкіндік бермейді, нәтижесінде бұл кәсіпорын өнімділігінің жалпы төмендеуіне әкеледі. Осы ұсынылып отырған нормативті арттыру шошқа шаруашылығы саласын дамытуды ынталандыруға әкеп соқтырады деп санаймыз.
3.Тауарлық сүтті өндірген кезде азық құнын арзандатуға субсидиялардың нормаларын барлық санаттар бойынша 2 есе арттыру қажет. Осы қағидалардың 1-қосымшасының тиісті тармақтарында келесі редакцияда жазылсын:
Азық бағасының (ЖЖМ-ға, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарына қосалқы бөлшектер мен материалдарға, электр энергиясына, тыңайтқыштар мен гербицидтерге, ветеринарлық препараттарға және т.б. бағалар) біршама өсуіне қарамастан, азық құнын арзандатуға субсидиялардың нормативтері соңғы жылдары өзгеріссіз қалып отыр.
Сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарға жұмсалатын шығындар нормаларын ұлғайтып, бұл деңгейді ағымдағы 20 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін жеткізу қажет. Бүкіл мал табыны бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды күн сайын жүргізу жоғары өнімді малды күтіп-ұстаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Мысалы, бір мал басына геномдық селекцияның бір тестін өткізу үшін 200 АҚШ доллар жұмсалады. Тиісінше, Қағидаларға 1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
| Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | |||
|
| Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу | ||
| 1) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 40000 |
| 3. | Сүт өндіру үшін азық құнын арзандату | ||
| 1) | 1 деңгей | кг | 50 |
| 2) | 2 деңгей | кг | 30 |
| 3) | 3 деңгей | кг | 20 |
4. 3-тармақ. Субсидиялауға жататын бағыттарды мыналармен толықтыру ұсынылады: 1) Асыл тұқымды араның бал ұясын және аналық бал аралар сатып алу; 2) Аналық бал араларды қолдан ұрықтандыру үшін станоктарды сатып алу; 3) Бал ара өнімін өндіру. Қағидалардың қолданыстағы редакциясында ара өсіру саласы мемлекеттік қолдаусыз қалды. Бал ара өнімін өндіретін кәсіпкерлер ара өсіру саласын субсидиялаудың болмауы мәселесін шешу мақсатында бірнеше рет ҚР ҰКП-на жүгінді. Бал ара өнімін өндіретін кәсіпкерлерді субсидиялауды жаңғырту өндірістік қуатты күшейтуге және кейін сыртқы нарықтарға шыға отырып әлеуетті жоғары деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Бюджеттік субсидиялардың нормативтерін саланың бизнес қоғамдастықтарымен бірлесіп талқылауды ұсынамыз.
5. Сонымен қатар, ұсынылған қағидаларға салыстырмалы кесте түріндегі ҚР ҰКП-да аккредиттелген «Қазақстан құс өсірушілерінің одағы» салалық қауымдастығының ескертулері мен ұсыныстарын ескеруді сұраймыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес дәлелденген жауап ұсынуды сұраймыз.
Қосымша: салыстырмалы кесте 2 парақта.
Агроөнеркәсіптік кешен комитеті Хатшылығы хатшысының орынбасары Д. Ошакбаев
Полная версия

