Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
 2014 жылғы 9 сәуірдегі
 № 70 бұйрығына 4-қосымша
«Мұнай және газды өңдеу технологиясы» кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 704 Бұйрығына сәйкес
1) кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды әзірлеуге, еңбек нарығының қазіргі қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
2) қызметкерлерді басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіби даярлықтарына бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауға арналған.
2. Кәсіби стандарттарды негізгі пайдаланушылар:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерін басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін. 
4. Осы кәсіби стандартта төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
2) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
3) кәсіп – арнайы дайындық пен жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі; 
4) жұмысшы кәсібі – материалдық құндылықтарды жасау, өнім (қызметтер, жұмыстар) шығару процесімен тікелей айналысатын, сонымен қатар жөндеу, жүктерді алып өту, жолаушыларды тасымалдау, материалдық қызметтер көрсетумен айналысатын жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі.
5) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын қарастыратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы; 
Полная версия
ИС BestProfi