Близость слов: Окончание:





«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы « » ________ Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін. 
2. Газ өнеркәсібін дамыту департаментіне: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға БАҚ - қа жіберуді;
3) «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жолдауын; 
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2014 жылғы «____» _________
 № ______ бұйрығымен
 бекітілген
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары 
Осы Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары  (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына  (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін айқындайды.
1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:  
1) газ – тауарлық газ және (немесе) сұйытылған мұнай газы;
2) газды артық жұмсау – газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік  нормасынан асып кететін көлемде тұтынушының газды іріктеп алуы;
Полная версия
ИС BestProfi