Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы техникалық  ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісім (Нью-Йорк қ., 2014 жылғы 4 тамызда)
ҚР 15.10.2014 жылғы № 242-V Заңымен ратификацияланды
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Үкімет» деп аталатын) мен Біріккен Ұлттар Ұйымы атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті (бұдан әрі «ЭӘМД» деп аталатын), бұдан әрі бірлесе отырып «Тараптар», ал жеке «Тарап» деп аталатындар, осы Келісімге В қосымшада сипатталған «Біріккен Ұлттар Ұйымының «электрондық үкіметінің» жаһандық форумы 2014» атауымен жобаны (бұдан әрі «Жоба» деп аталатын) іске асыру барысында ынтымақтастық туралы уағдаласқанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
Үкімет Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қолайлы жағдайлар мен қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы өз ниетін Біріккен Ұлттар Ұйымына хабарлағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасында ЭӘМД-ның Үкімет Жоба бойынша шығыстарды жабу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына берген ақша қаражатын басқару үшін жауаптылықта болатыны туралы шешім қабылданғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымы мыналар туралы уағдаласты:
1. Үкімет осы Келісімге В қосымшада сипатталған Жоба бойынша ЭӘМД көтеретін шығыстарды жабу үшін 500 000 (бес жүз мың) АҚШ долларына тең соманы ЭӘМД билік етуіне ұсынады.
2. Үкімет осы депозиттің Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін кредиттеуге арналғанын көрсете отырып, көрсетілген қаражатты шектеусіз пайдаланылатын айырбасталатын валютада Морган Чейз банкіне енгізеді, Халықаралық банк мекемелері, Парк Авеню 277, 23-қабат, Нью-Йорк, NY 10172-0003, АҚШ, шот № 485-000-865, АВА коды: 021-000-021; SWIFT коды: CHASUS33. Үкімет жоғарыда көрсетілген соманы осы Келісімге өзара қол қойылғаннан кейін енгізеді.
3. ЭӘМД көрсетілген қаражатты алу және басқару үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қағидаларына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының есепке алу жүйесінде нысаналы қор (бұдан әрі «нысаналы қор» деп аталатын) шотын ашады.
4. Нысаналы қорды және одан қаржыландырылатын қызметті ЭӘМД-ге қолданылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының нормаларына, қағидаларына және директиваларына сәйкес ЭӘМД басқаруға тиіс. Тиісінше осы нормалардың, қағидалар мен директивалардың ережелеріне сәйкес персонал жалданатын және басқарылатын, жабдық, материалдар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын, сондай-ақ шарттар жасалатын болады. Жоба аяқталғаннан кейін осы нысаналы қордан қаржыландырылатын жабдық, материалдар және мүлік, егер Тараптар арасында өзгеше келісілмесе, Үкіметке берілетін болады.
5. Барлық қаржылық шоттар мен ведомостар АҚШ долларында болуға тиіс.
1. Нысаналы қордан осы Келісім бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты ЭӘМД көтерген шығыстар үшін сома алынады.
2. Нысаналы қордан, сондай-ақ осы нысаналы қордан қаржыландырылатын жобаны іске асыру кезінде ЭӘМД қамтамасыз еткен, Жобаны қолдау бойынша әкімшілік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлем ретінде болатын нысаналы қордың барлық шығыстарының он үш пайызы алынатын болады.
3. Нысаналы қордан, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының қолданыстағы нормаларына және қағидаларына немесе шарттарына сәйкес жұмысты жүзеге асыру кезінде қайтыс болған, жарақат алған немесе ауырған жағдайда кез келген талап қоюды жабу үшін резервті қамтамасыз ету үшін ЭӘМД тартқан және қатысуы нысаналы қордан қаржыландырылатын жұмыскерлер сыйақысының немесе үстемақысыз айлықақысының бір (1) пайызына тең сома алынатын болады, оның резерві Үкіметке өтелмейді.
1. ЭӘМД осы Келісімге сәйкес салымдар алған кезде осы Келісім бойынша жұмысты бастауға және оның жүргізілуін жалғастыруға тиіс.
2. ЭӘМД осы Келісімге В қосымшадағы шығыстар үшін көрсетілген сомалар бойынша өзіне міндеттемелер алмауға тиіс.
1. Үкімет пен ЭӘМД-ның бірлескен бағалауын қоса алғанда, нысаналы қордан қаржыландырылатын қызметті бағалау В қосымшада көрсетілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Осы нысаналы қор Біріккен Ұлттар Ұйымының қаржылық нормаларында, қағидалары мен директиваларында көрсетілген ішкі және сыртқы аудит рәсімдерінің әрекеттеріне ғана жатады.
Полная версия
ИС BestProfi