"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативi бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына (аяларына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның республикалық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті (Қ.Б.Ыбыраев):
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми
жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә.Құсайыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы «__»________ №______ бұйрығымен бекітілді
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
| Таза табыс | таза табыс сомасынан 5 пайыз |
| Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз |
| Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз |
| Таза табыс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз |
| Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін | 97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз |
| Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары | 247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз |
2. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін кезеңіне 12 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленеді.
3. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыздан көп емес мөлшерде белгіленеді.

