«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасың Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-минитрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды өсіруді жүзеге асыратын объектілерде, сондай-ақ жануарларды өсіруді, өткізуді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (жануарларды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (бұдан әрі – өндіріс объектілері) дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
2) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
3) дезнсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
4) инсектицидтер (акарацидтер, инсектоакарацидтер) – жәндіктер мен кенелерді жою үшін пайдалынатын құралдар (препараттар);
5) жануарларды ұстауға арналған үй-жай – құстарды қоса алғанда, жануарларды жаздықты, қашарларды, бордақылау алаңдарын қоса алғанда жайылымда жаюмен тұрақты негізде немесе уақытша ұстауға және өсіруге арналған бейімделген құрылыс.
3. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргіу үшін Қазақстан Республикасы және Кеден Одағы мен Еуразиялық Экономикалық Кеңістікке мүше елдер аумағында қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар қолданылады.
4. Орны ауыстыралатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, қайта өндейтін, өткізетін немесе пайдаланатын өндірістік объектілерде дезинфекция жүргізу кезінде «Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1439, «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1444, «Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қазандағы № 1327 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар сақталады.
5. Көлік құралдарын дезинфекциялау кезінде «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген талаптар сақталады.
2. Дезинфекцияны жүргізу тәртібі
6. Дезинфекция профилактикалық мақсатта, сондай-ақ жануарлар ауруларының таралу ошағы пайда болған жағдайда лажсыз дезинфекция жүргізіледі. Лажсыз дезинфекция кезінде ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
7. Профилактикалық дезинфекция жануарлар аурулары қоздырғыштарының енуі мен таралу қатерін болдырмау мақсатында жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша сау аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде жүргізіледі.
8. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды қоса алғанда, сау аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде профилактикалық дезинфекцияны жылына 2 (екі) рет жүргізеді.
9. Жануарларды жайылым алаңдарында жыл бойы ұстау кезінде, мал шаруашылығы үй-жайларын пайдалану процесінде жануарларды ұстауға арналған жеке үй-жайларды профилактикалық дезинфекциялау тиісті технологиялық циклдар аяқталғаннан және жануарлардан босатқаннан кейін жүргізіледі.
10. Ұйымдасқан өндіріс объектілеріндегі дезинфекция өндірістің жалпы технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жануарлардың өсімін молайту, өсіру және бордақылау технологиясының ерекшеліктерін есепке ала отырып құрастырылған жоспар бойынша жүргізіледі.
11. Дезинфекциялық жұмыстардың жоспарында негізгі және қосалқы үй-жайларды, көлік құралдарын және басқа объектілерді дезинфекциялаудан өткізудің мерзімі, әдістері мен режимдері, сондай-ақ дезинфекциялық және жуатын құралдарға, дезинфекциялық және жуатын техникаға деген қажеттілік, дезинфекцияның сапасын бақылау әдісі көзделеді.
12. Дезинфекция жүргізу алдында дезинфекциялауға жататын бетті мұқият механикалық тазартуды жүргізеді.
13. Құстарды торда және жайылымсыз ұстау кезінде үй-жайды дезинфекциялауды әрбір ретте құстардың жаңа топтамасын қояр алдында жүзеге асырады:
жайып бағатын құс қораларында – жылына екі рет;
терең төселген төсемде ұстау кезінде – жылына бір рет оны ауыстырған кезде;
14. Қояндар мен мамық жүнді аңдарды ұстауға арналған үй-жайларды технологиялық цикл кезеңінде босатылуына қарай дезинфекциялайды.
15. Дүркін-дүркін қолданылатын мал шаруашылығы көрмелерінің орындарында дезинфекция жануарларды әкелу алдында және оларды алып кеткеннен кейін жүргізіледі.
16. Карантинге қою кезінде жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды (алаңдарды) әр кез жануарлардың кезекті топтамасының карантинге қою мерзімі аяқталғаннан кейін әрбір рет дезинфекциялайды.
17. Азық цехтарының үй-жайларын айына бір реттен жиі емес, жемшөп өткізгіш бункер-араластырғышты, жемшөп дайындауға және үлестіруге арналған жабдықтарды және азықтандыратын орындарды (жеке үй-жайда азықтандыру кезінде) – аптасына бір рет дезинфекциялайды, ал әрбір жемшөп дайындаудан (таратудан) немесе азықтандырудан кейін сумен жуады.
18. Сою пунктерінің (сою алаңының) үй-жайларын дезинфекциялаудың кезеңділігі оларды пайдалану ерекшелігін ескере отырып белгіленеді.
19. Ұшаны бөлу кезінде инфекциялық ауруларға күдік туындаған сою пунктінде (сою алаңында) дезинфекцияны күнделікті ауысымның соңында және әрбір рет жануарларды сойып болғаннан кейін жүргізеді.
20. Сою пунктінің (сою алаңының) барлық жабдықтарын бір уақытта дезинфекциялайды.
21. Аяқ киімді дезинфекциялау үшін өндіріс ғимаратының кіре берісінің барлық енін дезинфекциялық ерітіндімен толтырылған зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін ваннамен жабдықтайды. Ғимараттың ішінде әрбір оңашаланған секцияның кіре берісіне поролонмен, үгіндімен немесе басқа эластикалық материалмен толтырылған, үй-жайларды дезинфекциялауға пайдаланылатын дезинфекциялық ерітіндіні жақсы сіңірген дезинфекциялық кілемше орнатылады.
22. Мал шаруашылығы үй-жайларын немесе өндіріс объектілерінің өндірістік аймағы аумағындағы басқа да объектілерді салу, күрделі жөндеу, қайта жаңарту аяқталғаннан кейін пайдалануға беру алдында тікелей оларды іске қосу алдындағы тазалаудан немесе дезинфекциядан өткізеді.
23. Лажсыз дезинфекцияны (ағымдағы және қорытынды) инфекцияның бастапқы ошағын оқшаулау, патогенді микроорганизмдердің сыртқы ортада жиналуын және олардың шаруашылық ішінде және одан тыс жерлерде таралуын болдырмау мақсатында жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыз өндіріс объектілерінде жүзеге асырады.
24. Ағымдағы дезинфекцияны сыртқы орта объектілерінің патогенді микроорганизмдермен контоминациясын төмендету және өндіріс объектісінің ішінде жанаурлардың қайта жұқтыру және одан тыс жерлерге аурулардың таралу қауіпін азайту мақсатында өндіріс объектілерін сауықтырудың барлық уақыты ішінде кезең-кезеңімен жүргізеді.
25. Ағымды дезинфекциялауды жүргізудің кезеңділігін және зарарсыздандыруға жататын объектілірдің тізбесін аурудың сипатын, осы ауру бойынша эпизоотиялық ахуалды, өндіріс технологиясының ерекшелігін, табиғат-климаттық жағдайларды және қолайсыз пункттің немесе оның орналасу аймағының басқа да ерекшелігін есепке ала отырып белгілейді.
26. Қорытынды дезинфекцияны өндіріс объектілерінде ауру жануарлардың бөлінуі тоқтағаннан кейін және инфекциялық аурулар қоздырғышының көзін жоюға кепілдік беретін іс-шаралар орындалғанннан кейін жүргізеді.
27. Дезинфекция жүргізу кезінде өндіріс объектісінің сипаты, дезинфекциялауға жататын патогендік микробтардың сыртқы ортадағы тұрақтылығы, сондай-ақ дезинфекциялық заттардың қасиеті және әртүрлі ортада әртүрлі температуралық жағдайларда патогендерді зарарсыздандыру қабілеттілігі ескеріледі.
28. Тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын бастар алдында үй-жайларды жануарлардан босатады, судың және дезинфекциялық ерітіндісінің әсерінен бұзылатын жабдықтарды одан шығарады немесе полиэтилен пленкамен жабады, беттерді дезинфекция ерітіндісімен ылғалдайды, содан кейін қырғыштың және су ағынының көмегімен көңнің, жемшөп қалдықтарының және басқа да ластанулардың негізгі көлемін тазартады.
29. Өндіріс объектілерін дезинфекциялау алдында зарарсыздандыруға жататын барлық беттерді механикалық тазартудан өткізеді.
30. Ластанудың сипатына, дәрежесіне, түріне және дезинфекциялау мақсатына байланысты механикалық тазартуды ластанған учаскелердің бетін жуатын және дезинфекциялайтын заттардың ерітінділерімен (құрғақ тазарту) немесе одан кейін (сулы тазарту) алдын ала ылғалдаусыз жүргізеді.
31. Дезинфекциялауға дайындау кезінде аз ластанған беттер және ылғалдауға жатпайтын объектілер (электр қондырғылары, жарықтандырғыш аспаптар, жабдықтардың кейбір түрлері) құрғақ тазартуға ұшырайды.
32. Негізделген жағдайларда тазартылытын беттерді сумен немесе дезинфекциялық заттар ерітіндісімен ылғалданған шүберкпен сүртеді.
33. Үй-жайды, жабдықтарды, мүкәммалды және өзге де объектілерді химиялық дезинфекциялық заттар ерітіндісімен біркелкі суару жолымен өндейді.
34. Тазартуды аяқтағаннан кейін қажет болған жағдайда үй-жайды және ондағы жабдықтарды жөндейді. Бұл ретте қабырғалардағы, едендердегі және аралық қабырғалардағы ойықтарды, жарықтарды және басқа да бұзылуларды тиісті материалдармен бітейді. Жарамсыз ағаш еденді жаңа еденге ауыстырады.
35. Үй-жайды және технологиялық жабдықтарды механикалық тазартуды, жөндеуді аяқтағаннан соң еденді сумен қайта жуады, жем салатын ақырларды, астауларды, қи шығаратын каналдарды судан босатады, ғимаратты (үй-жайды) беттерден артық ылғалды жою үшін желдетеді және кептіреді.
36. Жиынтық ауданды айқындау үшін дезинфекциялық ерітіндімен ылғалдауға жататын мал шаруашылығы үй-жайлары мен басқа объектілер едендерінің, қабырғаларының, төбелерінің, аралықтарының, жабдықтардың барлық элементтерінің сыртқы және ішкі беткейлерінің ауданы есепке алынады.
37. Үй-жайдың беттерін дезинфекциялық ерітінділермен келесі тәртіппен суарады: алдымен, бөлменің соңынан бастап станок тұрған еденді, станоктар арасындағы қоршауларды, жабдықтарды, қабырғаларды, содан кейін төбені және өту едендерін біркелкі ылғалдайды.
38. Дезинфекциялық ерітінділерді енгізгеннен кейін объектіні 3 сағатқа жауып қояды, экспозиция мүмкіндігіне қарай 6-12 сағатқа дейін ұлғайтады.
39. Дезинфекция аяқталғаннан кейін объектіні препарат иісі толық кеткенше желдетеді.
40. Дезинфекцияның сапасын айқындау мақсатында ветеринариялық зертханаларда зерттеулер жүргізіледі. Осындай зертханалық зерттеулердің нәтижесі қосымша дезинфекция жүргізу үшін негіз болып табылады.
3. Дезинсекция және дератизацияны жүргізу тәртібі
41. Жәндіктерді, буынаяқтыларды және кеміргіштерді жоюмен профилактикалық күрес шараларына:
1) өндіріс объектілерінде және оларға жапсарлас аумақтарда ветеринариялық-санитариялық шараларды сақтау;
42. Профилактикалық дезинсекцияны профилактикалық дезинфекциямен біруақытта немесе тікелей одан кейін препараттардың үйлесімділігін ескере отырып жүргізеді.
43. Дезинсекция кейіннен инсектицидтермен өндей отырып, өндіріс объектілеріне алдын ала механикалық тазарту жүргізуден тұрады.
44. Дезинсекция, дератизация кезінде «Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 364 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген талаптар сақталады.
45. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстарын аяқтағаннан кейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады.
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шарауашылығы министрінің « » 2014 жылғы № бұйрығына анықтама – негіздеме
| № р / н | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның анықтамасы |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні берген мемлекеттік орган
| Қазақстан Республикасының Ауыл шарауашылығы министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйеніп нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлектетік органның құзыреті) | «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттар, уәждері және қайндай мақсатта акт қабылданған) | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету; қызмет берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету жөніндегі қызметінің ашықтығын және есеп беруін қамтамасыз ет мақсаттарда |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға байланысты оларға өзгерістер мен толықтырулар немесе күшін жойған деп тану туралы ұсыныстар дайындау туралы мәлімет | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акті шығындардың өсуін немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттерге түсімдерді қысқартуды қарастыра ма? | Қарастырылмаған |
| 7. | Мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілерді келісу туралы мәлімет
| Жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары, интернет-ресурстарды қоса бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәлімет | Қазақстан Республикасы Ауыл шарауашылығы министрлігінің ресми www.minagri.gov.kz сайты және интранет-порталда орналастырылған |
| 9. | Сараптамалық қорытынды бермеген кәсіпкерлердің тіркелген бірлестіктері тізімі ( жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты актілер үшін ) | Жоқ |
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ә. Жеңісов

