Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодекісінің 17-бабына БҰЙЫРАМЫН:
«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В.Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2014 жылғы «__» № бұйрығымен бекітілген
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидалары
1. Осы Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға арналған өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
4) өтінім берушінің штатында тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, кемінде екі инженерлік-техникалық қызметкер – жауапты орындаушылардың бар екендігін растайтын құжаттар;
Полная версия

