Близость слов: Окончание:





«Пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы
«Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.
2.	Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)	Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2)	Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3)	бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4)	осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3.	Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
4.	Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

___________ Е. Досаев

2014 жылғы « » ________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

___________ В. Школьник

2014 жылғы « » ________



Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы «___»_________
№ бұйрығымен
бекітілген
Пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары
  1. Осы Пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу 	қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының                       2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырмашылық (саудалық) атауы – аталған пестицид (улы химикат) тiркелетiн, заттаңбаланатын, жарнамаланатын және өнімді басқа пестицидтерден (улы химикаттардан) айрықша ету мақсатында оны тiркелушi (өтінім беруші) ғана пайдалана алатын атау;
Полная версия
ИС BestProfi