«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Денсаулық сақтау саласындағы лицензияларды беруге келісуді жүзеге асыратын лицензиарларды, мемлекеттік органдарды айқындау туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Денсаулық сақтау саласындағы лицензияларды беруге келісуді жүзеге асыратын лицензиарларды, мемлекеттік органдарды айқындау туралы
1. Мыналар:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары – медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері – медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік орган болып белгіленсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 жыл, № 13, 242-құжат);
2) «Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 жыл, № 68, 917-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Денсаулық сақтау саласындағы лицензияларды беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
| Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1 | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
| 2 | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес |
| 3 | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды |
| 4 | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Талап етілмейді |
| 5 | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді |
| 6 | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | жоқ |
| 7 | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | ж о қ |
| 8 | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Жоқ |
| 9 | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
| 10 | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелерді) беруге рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
| 11 | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) | 2014 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz интернет ресурсында Үкімет қаулысының жобасы орналастырылған.
|
| 12 | Пресс-релиз | 2014 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
2014 жылғы ___________
«Денсаулық сақтау саласындағы лицензияларды беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – жоба) анықтама-негіздеме
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін әзірленген.
Сонымен қатар, осы жобамен, медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия алу кезінде келісетін мемлекеттік органдар айқындалған.
Бұдан басқа, Заңның 53-бабының 2-тармағымен «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң күші жойылды деп танылды.
Осыған байланысты, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңның нормаларына сәйкес осы жобамен:
1) «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 242-құжат);
2) «Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 917-құжат) күші жоюға қойылды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
2014 жылғы « »

