Близость слов: Окончание:





«Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы
«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламенті бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (Есімханов С.Қ.) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрi

Е. Досаев ______________

2014 жылғы «____» _________



«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрi

Ә . Исекешев ______________

2014 жылғы «____» _________

Қазақстан Республикасының
 Энергетика министрінің
20___ жылғы «__»_________
№___ бұйрығымен бекітілген
«Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті
1. Осы «Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) ядролық зерттеу реакторлары (бұдан әрі - ЗР), сындарлы құрастырмалары (бұдан әрі - СҚ) және сындарлы алды құрастырмалары (бұдан әрі - САҚ) бар ядролық зерттеу қондырғыларының олардың тіршілік циклінің барлық кезеңіндегі ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Ядролық зерттеу қондырғыларын (бұдан әрі - ЯЗҚ) қалыпты пайдалану жағдайларында, авария кезінде және авариялардың зардаптарын жою кезінде персонал, халық және қоршаған орта үшін радиациялық қауіпті факторлар сыртқы гамма, бета, нейтрондық сәулелену, ағзаға радиоактивті газдар мен аэрозольдардың дем алу арқылы түсуі, үй-жайлардың, өндірістік жабдық пен құралдардың, орамалардың, арнайы киім-кешек пен қосымша жеке қорғаныш құралдарының радиоактивті заттармен ластанған үстіңгі қабаттары, сондай-ақ ЯЗҚ пайдалану кезінде пайда болатын сұйық және қатты радиоактивті қалдықтар болып табылады.
3. Әр түрлі энергиялардың гамма, бета сәуле шығарғыштарының сыртқы сәулелену көздері ядролық отын мен оның бөлшек өнімдері, жылу тасушының, реактор конструкциялары мен бөлшектерінің, олардың тоттанған өнімдерінің нысаналы белсенділігі, белсенді аймақта сәуле алған материалдар мен үлгілердің, үй-жайлардың, өндірістік жабдықтар мен құралдардың, орамалардың, арнайы киім-кешек пен қосымша жеке қорғаныш құралдарының радиоактивті заттармен (бұдан әрі - РЗ) ластанған үстіңгі қабаттары болып табылады.
4. Реактордың белсенді аймағы нейтрондық сәуле шығару көзі болып табылады. Бұл ретте шапшаң нейтрондардан бастап жылу нейтрондарына дейінгі бүкіл спектр іске асырылады. Реактор жұмыс істеп тұрған кезде реактор залының үй-жайында және нейтрон шоқтарын жақтаудан шығару кезінде эксперименттік арналарға жақын жерлерде нейтрондардың әсері болуы мүмкін. Тоқтатылған реакторда іске қосу көздері, сондай-ақ олардың технологиялық жабдықты ревизиялау және жөндеу кезінде бұзылған жағдайындағы трансурандық изотоптар ампулалары нейтрон көздері болуы мүмкін.
Полная версия
ИС BestProfi