Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 16-3) тармақшасына және 155-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін және Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлерді қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, облыстық (аудандық) маңызы бар аудандар мен қалаларға берілетін кодтар тізімін бекiту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін және Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлерді қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, облыстық (аудандық) маңызы бар аудандар мен қалаларға берілетін кодтар тізімін бекiту туралы
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесі;
2) Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлерді қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, облыстық (аудандық) маңызы бар аудандар мен қалаларға берілетін кодтар тізімібекітілсін.
2.Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2).осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініңинтернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3..Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің Бірінші орынбасары К.А. Ускенбаевқа жүктелсін.
4..Аталған бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы _____________ № _____ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу, жердi сандық және сапалық есепке алу мен жердi бағалау, тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу, мемлекеттік жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану тәртібін белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры (бұдан әрi - кадастр) мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - кадастр жүргізетін кәсіпорын) жүзеге асырады.
Полная версия

