Близость слов: Окончание:





«Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланыста залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланыста залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланыста залалдарын субсидиялау ережесі бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;  
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2014 жылғы « »
 № бұйрығымен
 бекітілген
Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi
1. Осы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын (бұдан әрi - субсидиялау) айқындайды.  
2. Әлеуметтік мәнi бар қатынастар (бұдан әрi - қатынастар) бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi конкурстың (бұдан әрi - конкурс) нәтижелерi бойынша анықталған тасымалдаушының залалдары субсидиялауға жатады.  
3. Конкурсты өткiзудi ұйымдастырушылар:  
Полная версия
ИС BestProfi