Близость слов: Окончание:





«Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;  
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2014 жылғы « »
 № бұйрығымен
 бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Әдістеменің есебін және қолданылуын анықтайтын негізгі қағидаттар мыналар болып табылады:
1) жолаушыларды темір жолмен тасымалдаудың стратегиялық және әлеуметтік мәні;
Полная версия
ИС BestProfi