Близость слов: Окончание:





«Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17 бабының 30) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті қамтамасыз етсін:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралына жіберуді және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялауды.
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика вице – министрі Т.Ә. Ахсамбиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрі
 _____________ Т. Дүйсенова
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрі
 ___________ Е. Досаев
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілді
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі туралы
1. Осы Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу тәртібін айқындайды.  
2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері осы өңірлер мен аумақтар үшін белгілі бір уақыт бойына қоршаған ортаның талап етілетін сапасына қол жеткізудің тәртібін анықтау қажет болған жағдайларда жекелеген аумақтар үшін белгіленеді.  
3. Мыналар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу үшін негіз болып табылады:  
1) өңірдегі экологиялық ахуалды талдау;  
2) өндірістік күштерді едәуір өзгерту перспективалары;  
3)қоршаған ортаның сапасына қойылатын қосымша талаптары бар рекреациялық аймақтарды, ауыл шаруашылығы объектілерін қалыптастыру жөніндегі жоспарлар;  
4) қоршаған орта объектілеріндегі аялық шоғырланулардың қоршаған орта сапасының қабылданған нормативтерінен асып түсуі туралы ақпарат.  
4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде әзірлейді.  
2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібі
5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері мынадай құрамдас бөліктер арқылы белгіленеді:  
4) қоршаған ортаның физикалық факторларының деңгейі.  
6. Нысаналы көрсеткіштер оларды әзірлеу процесінде айқындалған, бірақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттарында көзделген мерзімдерден аспайтын мерзімге белгіленеді.
7. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бірте-бірте жақсарту қажеттілігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейін реттейді.  
8. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:  
2) қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу жөніндегі экономикалық мүмкіндіктерді зерделеу;  
3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу өлшемдерін анықтау:  
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеуге арналған негіздерді айқындау;  
адам денсаулығы мен құнды экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалау;  
нысаналы көрсеткіштерді белгілеу қажеттілігін айқындау;  
4) нысаналы көрсеткіштердің тізбесі мен маңыздарын қалыптастыру.  
9. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде адам денсаулығы мен құнды экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалау қабылданған санитарлық-гигиеналық нормативтерге, токсикологиялық дерекқорға, эпидемиологиялық зерттеулердің материалдарына сәйкес жүргізіледі.  
10. Әзірленген қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері мынадай мәліметтерді қамтитын талдау ақпараты (есеп) түрінде ресімделеді:
1) өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы;  
2) өндірістік күштердің дамуын талдау;  
3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі;  
4) өңірде бұрын белгіленген қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін және оларға қол жеткізу нәтижелерін талдау;  
5) экологиялық ахуалды, экологиялық қауіп-қатерлерді талдау;  
6) зертханалық зерттеулердің деректері;  
7) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қабылдаудың
болжамды ахуалдары мен салдары туралы деректер;
8) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің кестесі;  
9) нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі шаралар кешені;  
11. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленедi.
12. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу:  
1) тұтастай және кезең-кезеңімен қолжетімді;
2) сандық және сапалық параметрлермен сипатталуға;  
3) бақыланатын және тексерілетін болуға тиіс.  
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы «__» _____________№__ бұйрығына
 АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің

17 бабыны ң

30 ) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)



Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі

№ 239-V заңына сәйкестендіру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқарудың арасында өкілеттілікті бөлу жөніндегі мәселелеріне өзгертулермен толықтырулар енгізу туралы»

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы

1 маусымд ағы

448 « Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы » Қаулыс ы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы

« »__________№ ___ Қаулысымен күшін жойды

5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы 2006 жылғы 17 тамыздағы

№ 778 Қазақстан Республикасының «
Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қаулы жобасы

жоқ



6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Жоқ

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігінің

www . energo . gov . kz интернет-ресурсында орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)





 



Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

Заң қызметі департаментінің

директоры







М. Хайруллин









Полная версия
ИС BestProfi