«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 22-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу қағидаларын бекіту туралы қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдағаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылғы «____» ___________ №______ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар мемлекеттік және эксперименттік авиацияның әуе кемелеріне қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары қолданылады.
Азаматтық авиация ұйымы мәлімдеген азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық стандарты мәлімделген авиациялық стандарт болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын
азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық
стандарттарын қолдануға жіберу тәртібі
4. Мәлімделген авиациялық стандарттарды қолдануға жіберу үшін азаматтық авиация ұйымдары (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға еркін нысандағы өтініш жібереді:
Өтінішке мынадай құжаттар:
1) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі (ұшуды орындау немесе авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) немесе азаматтық авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатының көшірмесі;
2) мәлімделген авиациялық стандарттар қолданылатын және ұшу жарамдылығының ұсталуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекетте тіркелген әуе кемелерін пайдалану жөніндегі (азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы болып табылатын өтініш беруші үшін) құжаттар көшірмелері;
3) мәлімделген авиациялық стандарттарға жауап беретін ұйымдық құрылым сипаттамасының көшірмесі;
4) халықаралық тәуелсіз аудиторлық ұйым жүргізген мәлімделген авиациялық стандарттарды қолданудың сәйкестігіне аудитті бағалау нәтижелерінің көшірмелері;
5) мәлімделген авиациялық стандарттардың талаптарына сәйкес әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын ұстау және/немесе техникалық қызмет көрсетуді орындау жөніндегі құжаттардың көшірмелері;
6) мыналар:
ұшуды жүргізу;ұшу жарамдылығын, техникалық жай-күйі мен жабдықты инспекциялауды (бақылауды) да көздейтін пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және авиациялық техникасын жөндеу рәсімдері;
мәлімделген авиациялық стандарттарға сәйкес авиациялық персоналдың дайындығын жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
7) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі жөніндегі құжаттардың көшірмелері;
8) сапаны бақылау жүйесі жөніндегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.
5. Мәлімделген авиациялық стандарттар қолдануға жіберудің немесе жіберуден бас тартудың негізі уәкілетті органның күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қабылданатын шешімі болып табылады.
6. Шешім оң болған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіні жарамдылық уақыты бойынша шектелмейтін мәлімделген авиациялық стандарттарды қолдануға жіберу туралы жазбаша хабардар етеді.
7. Егер:
1) өтініш беруші ұсынған құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
2) өтініш беруші көрсететін қызметтер (жұмыс түрлері) авиациялық стандарттарды қолдануға мәлімделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда жіберуді беруден бас тартылады.
8. Мәлімделген авиациялық стандарттарды қолдануға жіберуден бас тартылған кезде өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «___»____________ № ____ бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 22-1) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу қағидаларын бекіту туралы қағидасын бекіту туралы бұйрық жобасын министрліктің қайта құрылуына байланысты |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | жоқ |
| 5. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер |
|
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер | жоқ |
| 8. | Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәлiметтердi | жоқ |
| 9. | С араптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн қамтуы тиiс (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн) | жоқ |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментінің директоры А. Алиакпаров

