Близость слов: Окончание:





«Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 33) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
Қоса беріліп отырған Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаментіне (Б.Н. Сәрсеновке):
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге және бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

ұлттық министірлігі

____________ Е. Досаев

2014 жылғы «____»________

Қазақстан Республикасының
 Энергетика министрінің
 2014 жылғы « »
 № бұйрығымен
 бекітілген
Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары
1. Осы Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жеткізуші – энергия объектісін және (немесе) оның құрылымдық бөлігін монтаждау, іске қосу және пайдалану тәртібі туралы ақпаратқа ие энергия объектісін және (немесе) оның құрылымдық бөлігін өндіруші н емесе жеткізуші;
2) жобалаушы – техникалық жарақтандыру жобасын әзірлеген тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi