Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру мақсатында және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 
1) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі көрсеткіштер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7671204, индексі 2-ДШ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі көрсеткіштер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7671204, индексі 2-ДШ, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Спорт мектептері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7681204, индексі 5-ДШ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Спорт мектептері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7681204, индексі 5-ДШ, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Мамандандырылған оқу-спорттық мекемелері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7691204, индексі 7-ДШ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Мамандандырылған оқу-спорттық мекемелері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7691204, индексі 7-ДШ, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Мамандандырылған спорт мекемелері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7701204, индексі 8-ДШ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Мамандандырылған спорт мекемелері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7701204, индексі 8-ДШ, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 қазандағы № 288 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8125 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;  
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.  
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
Полная версия
ИС BestProfi