Близость слов: Окончание:





2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қыркүйектегі № 1036 қаулысы
         Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, қол қоюға өкілеттік берілсін.
3.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1036 қаулысымен
мақұлданған
2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумғақосымша хаттама
А. Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң арасындағы есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумның (бұдан әрi – меморандум) және осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес ағымдағы жобаларды қолдау мақсатында меморандумға өзгерiстер енгiзуге келiседi. Жобалар және олардың мақсаттары төмендегi II және III бөлiмдерде толық сипатталған. 2002 жылғы 12 желтоқсандағы меморандумның барлық басқа мiндеттемелерi мен шарттары күшiнде қалады және толық көлемде қолданылады.
В. Америка Құрама Штаттарының Үкiметi төменде сипатталған жобалар шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне қосымша көмек үшін 1 996 218 (бір миллион тоғыз жүз тоқсан алты мың екі жүз он сегіз) АҚШ долларын ұсынады. Америка Құрама Штаттарының Үкiметi Меморандумның және осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметi үшiн Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң басқа органдары және жағдайға байланысты басқа да институттары арқылы оқытуға ақшалай қаражат бөлу арқылы тиiстi оқытуды және жабдықты ұсынады.
С. Осы Қосымша хаттамада көзделетiн қаржы қаражаты Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі қабылдайтын күш-жігерде:
есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күресте;
адамдарды сатуға, есiрткi заттарының, прекурсорлардың және басқа да контрабанданың заңсыз айналымына; террористер мен террористiк сипаттағы материалдарды өткiзуге; сондай-ақ заңсыз жолмен алынған табыстарды алып өтуге қарсы күрес мақсатында шекара қауiпсiздiгiн күшейтуде;
есiрткiге сұранысты азайту мақсатында қабылданып жатқан іс-қимылда;
заңсыз жолмен алынған табысты жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы iс-қимылда жәрдем көрсетуге бағытталған бес жобаға қолданылады.
D. Осы жобаларды қолдауда Тараптардың қабылдайтын iс-қимылдары мен ұсынатын ресурстары төменде көрсетiлген.
E. Осы жобалар бойынша қаржыландыруды бөлу Америка Құрама Штаттары Конгресiнiң жыл сайынғы мақұлдауы мен қорларға ақша бөлуiне, сондай-ақ оларды Америка Құрама Штаттары Мемлекеттiк Департаментiнiң бекiтуiне байланысты.
Полная версия
ИС BestProfi