Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 18-35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (Б. О. Азбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жетекшілік етуші Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы «___»______________ №___ бұйрығымен бекітілген
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және осы іс-шараларды қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
2) жекеше орман питомниктерін құру және дамыту – орман питомниктерін құру немесе қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргізудің бүкіл циклы, ол 5-10 жылға созылып, жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаж жұмыстарын, көгалдандыру, ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін ағаш пен бұта тұқымдыларын өсіруді қамтиды;
3) қатысушы – бағдарламаны іске асыруға қатысушы іріктеп алынған өтініш беруші;
4) өтініш беруші – осы Қағидалар белгілеген тәртіппен іріктеуге қатысуға өтініш берген, ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға жасалған ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар жекеше орман иеленуші және (немесе) орман пайдаланушы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы;
Полная версия

