Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 468 Бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 10 хаттамалық шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Халықаралық бірлескен Кеңес (JCI, США) стандарттары бойынша аккредиттеуден өту туралы куәлігі медициналық ұйымдар үшін коэффициент;»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 18-қосымшамен толықтырылсын;
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі  С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 5 тамыздағы
№ 468 бұйрығына

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 8 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
18-қосымша
Халықаралық біріккен Кеңес (JCI, США) стандарттары бойынша аккредиттеуден өту туралы куәлігі бар медициналық ұйымдар үшін коэффициент

р/с

Атауы



Коэффициент (JCI)

1

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ

1,852

2

«Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ

2,424

3

«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ

8,308

Полная версия
ИС BestProfi