Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2018
Профилактикалық қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жетілдіру жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 421 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.12.10 № 696 бұйрығына сәйкес жойылды 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және профилактикалық қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған профилактикалық қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жетілдіру жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған жол картасы бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді республикалық ұйымдары көрсетілген Жол картасының орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
вице-министрінің
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 421 бұйрығымен
бекітілді
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде 2014- 2015 жылдарға арналған профилактикалық қызметті жөніндегі
ЖОЛ КАРТАСЫ

р/с №

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты

Орындау мерзімі

I. МСАК көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы бейінді мамандар бойынша мектептерінің қызметін бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау және мониторингілеу

1.1

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында бейінді денсаулық мектептерін ұйымдастыру және қызметі мәселелері бойынша облыстардың ДСБ-мен селекторлық кеңестер өткізу:

- бейінді денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаттары;

- бейінді денсаулық сақтау қызметіндегі орта медициналық персоналдың функциялары, МСАК деңгейінде бейінді денсаулық сақтау мектептерінің қызметін ұйымдастыру үшін дәрігерден мейіргерге дейінгі функцияларды

қайта бөлу.

Селекторлық кеңестер

МКҰД, СӨСҚПҰО

2014 жылғы тамыз

1.2

Бейінді денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша СӨСҚПҰО базасында оқытуға жататын МСАК деңгейіндегі бейінді денсаулық мектептерінің орта медицина персоналдарының, әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың тізімін ұсыну.

ҚР ДСМ ақпарат, СӨСҚПҰО

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, СӨСҚО өңірлік орталықтары

2014 жылғы қыркүйек

1.3

Барлық өңірлерде МСАК деңгейінде бейінді денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша орта медициналық персоналдарды, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды оқыту.

Семинарлар

СӨСҚПҰО

2014 жылдың желтоқсанына дейін

1.4

Бейіні бойынша денсаулық мектептеріне пациенттерді жолдау алгоритмін сақтауды коса алғанда, бейінді денсаулық мектептерінің қызметін мониторингілеуді қамтамасыз ету, халықтың нысаналы топтарын қамту, ақпараттандыру деңгейін арттыру, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі көмек көрсету және өзіндік менеджмент дағдыларын қалыптастыру.

Ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, СӨСҚО өңірлік орталықтары

2014 жыл

1.5

«Бейінді денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру» бөлімінде «Денсаулық мектептерінде оқытылған пациенттердің саны» -ЖБНЫК ішкі индикаторын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін әр ұйым деңгейінде бекіту.

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін Денсаулық сақтау ұйымдары бас дәрігерлерінің бұйрығы

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ

2014 жыл

1.6

- Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары бұйрықтарының көшірмелеріннің қоса берілуімен қызмет атқарып жатқан бейінді денсаулық мектептерінің саны;

- жауапты персонал (мейіргерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, дәрігерлер және т.б.);

- облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының МСАК штаттан тыс бас мамандарының аты-жөндері көрсетілген тізімдері;

- әр бейінді денсаулық мектептерінде оқытылған прациенттердің санын, ауруханаға жатқызылғандардың санын, жедел жәрдем шақырғандардың санын, сырқаттанушылық құрылымын талдауын көрсету арқылы МСАК деңгейінде бейінді денсаулық мектептерінің қызметі туралы ҚР ДСМ/СӨСҚПҰО-ға толық есеп беру.

Есептік үлгі

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ

2015 жылдың 20 қаңтарына

II. Бейінді денсаулық мектептерінің қызметіне әдістемелік сүйемелдеу

2.1

Скринингтік тексеріп-қарау аяқталғаннан кейін пациентті бейінді денсаулық мектептеріне жолдау алгоритмін (пациент бағдарын) әзірлеу және бекіту.

ҚР ДСМ бұйрығы

МКҰД, СӨСҚПҰО, КжІАҒЗИ, ҚазОжРҒЗИ, ҚазКАҒЗА, ПжБХҒО, Акушерия, гинекология және перинатология ҰО, Урология ҰО

2014 жыл

2.2

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы бейінді денсаулық мектептері үшін (мінез-құлықтық қауіпті факторлар, диабет, демікпе, артериялық гипертензия, отбасын жоспарлау, босануға дайындау, жас ана, карт адамдар, дені сау балалар мектебі) пациенттің өзін-өзі бақылау күнделігін әзірлеу.

Пациенттің өзін-өзі бақылау күнделігі

МКҰД, СӨСҚПҰО, КжІАҒЗИ, ҚазОжРҒЗИ, ҚазКАҒЗА, ПжБХҒО, Акушерия, гинекология және перинатология ҒО, Урология ҒО

2014 жылғы қыркүйек

2.3

Бейінді денсаулық мектептеріне пациенттердің келулерін тіркеу журналын және бейінді денсаулық мектептерінің қызметі туралы есептік үлгіні әзірлеу.

Тіркеу журналы, есептік үлгілер

МКҰД, СӨСҚПҰО, КжІАҒЗИ, ҚазОжРҒЗИ, ҚазКАҒЗА, ПжБХҒО, Акушерия, гинекология және перинатология ҒО, Урология ҒО

2014 жылғы қыркүйек

2.4

«МСАК деңгейінде профилактикалық қызмет бойынша 13 әдістемелік ұсыным кітапханасының» МСАК деңгейінде тираждалуын және таралымын қамтамасыз ету.

МСАК деңгейінде профилактикалық қызмет бойынша 13 әдістемелік ұсыным

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, өңірлік СӨСҚО

2014 жылғы тамыз - желтоқсан

2.5

Пациенттің өзін-өзі бақылау күнделіктерін және бейінді денсаулық мектептеріне келетін пациенттерді тіркеу журналының таралымын көбейту және тираждалуын қамтамасыз ету.

Пациенттің өзін-өзі бақылау күнделігі және пациенттерді тіркеу журналы

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, өңірлік СӨСҚО

2014-2015 жылдар

2.6

«МСАК деңгейінде профилактикалық қызмет бойынша 13 әдістемелік ұсыным кітапханасымен» МСАК деңгейінде, оның ішінде бейінді денсаулық мектептерін қамтамасыз ету туралы КР ДСМ-ге ақпарат беру.

Есептік ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, өңірлік СӨСҚО

2015 жылдың 20 қаңтарына

III. Бейінді денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру

3.1

«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 тамыздағы № 479 бұйрығын орындау үшін мультидисциплинарлық команда мамандарын (психолог, мейіргер, әлеуметтік қызметкер, дәрігерлер, арнайы бейінді мамандар) тартумен және әр мектепте жауапты медициналық қызметкерді анықтау арқылы профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінде бейін бойынша денсаулық мектептерінің кабинеттерін ашу.

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы бас дәрігерлерінің бұйрығы

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары

2014 жылғы қыркүйек

3.2

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының тіркеу бөлімінде, веб-сайттарында аптасына 6 күн 9.00-18.00-ге дейін бекітілген жұмыс кестесін орналастыру арқылы МСАК деңгейінде бейінді денсаулық мектептерінің жұмыс кестесін әзірлеу және бекіту.

Медициналық ұйымның бірінші басшысымен бекітілген жұмыс кестесі

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары

2014 жылғы тамыз

3.3

«Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын (нормативтерді) бекіту туралы» ҚР ДСМ 2010 жылғы 27 қазандағы № 850 бұйрығына сәйкес бейінді денсаулық мектептерінің кабинеттерін қажетті құралдармен, жиһазбен және техникамен жабдықтау.

Ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары

2014 жыл

3.4

Бейінді денсаулық мектептерінде қызметті ұйымдастыру үшін мамандарды оқыту бойынша ақпарат беру.

Ақпарат

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары

2014 жыл

IV. Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар деңгейінде бейін бойынша денсаулық мектептерінің қызметін бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау, мониторингілеу

4.1

Бейінді денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру мәселесі бойынша СӨСҚПҰО базасында оқытуға жататын стационардағы бейінді денсаулық мектептерінің медициналық персоналдарының тізімін беру.

ҚР ДСМ-не, СӨСҚПҰО-ға ақпарат беру

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ

2014 жылғы қыркүйек

4.2

Стационар жағдайында бейінді денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша медициналық персоналдарға оқыту жүргізу.

Семинарлар

МКҰД, СӨСҚПҰО

2014 жыл

4.3

Стационар жағдайында бейінді денсаулық мектептерінің орта медициналық персоналдарды оқытуды мониторингілеу және олардың жұмысына талдау жүргізу.

Ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, өңірлік СӨСҚО, СӨСҚПҰО

2015 жылғы қаңтар

4.4

- Қызмет атқарып жатқан бейінді денсаулық мектептерінің саны; жауапты персонал (мейіргерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, дәрігерлер мен т.б.);

- бейіні бойынша әр денсаулық мектептерінің қызметі туралы стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларының бұйрығының көшірмесін қоса беру арқылы әр бейінді денсаулық мектептерінде оқытылған пациенттердің саны, емдеуге жатқызылғандардың саны туралы мәліметтерді көрсете отырып, стационарлық көмек көрсететін ұйым деңгейінде бейінді денсаулық мектептерінің қызметі туралы ҚР ДСМ/СӨСҚПҰО-ға толық есеп беру.

Есептік үлгі

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ

2015 жылдың 20 қаңтарына

V. Стационарлық көмек көрсететін ұйым деңгейінде бейінді денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру

5.1

Мультипәндік команда мамандарын (психолог, мейіргер, арнайы бейінді маман, дәрігер) тарту және әр мектепте жауапты медициналық қызметкерінің жауапкершілігін анықтаумен стационарлық көмек көрсететін ұйымдар деңгейінде бейінді денсаулық мектептерін ашу.

Стационарлық көмек көрсететін ұйымның бас дәрігерлерінің бұйрығы

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары

2014 жылғы қыркүйек

5.2

Денсаулық сақтау ұйымдарының стационар бөлімшелерінде, веб-сайттарында бекітілген жұмыс кестесін орналастыра отырып стационарлық көмек көрсететін ұйымдар деңгейінде бейінді денсаулық мектептерінің жұмыс кестесін әзірлеу және бекіту.

Мед. ұйымның бірінші басшысымен бекітілген жұмыс кестесі

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары

2014 жылғы тамыз

5.3

Бейінді денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру мәселесі бойынша стационар мамандарының іс-әрекеті алгоритмін әзірлеу.

Ақпарат

МКҰД, СӨСҚПҰО

2014 жыл ішінде

5.4

«Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын (нормативтерді) бекіту туралы» ҚР ДСМ 2010 жылғы 27 қазандағы № 850 бұйрығына сәйкес стационар жағдайында бейінді денсаулық мектептерінің кабинеттерін қажетті жабдықпен, жиһазбен және техникамен жарақтандыру.

Ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ

2014 жыл ішінде

5.5

Бейінді денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру үшін мамандарды оқыту туралы (ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес) ақпарат беру.

Ақпарат

Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары

2014 жыл ішінде

VI. Бейінді денсаулық мектептерінің ұйымдастыру қызметіне ақпараттық сүйемелдеу

6.1

Халықаралық, Дүниежүзілік, Ұлттық күндерге орайластырып өткізілетін айлықтардың, онкүндіктердің, апталықтардың шеңберінде МСАК ұйымдарында Ашық есік күндерін өткізе отырып және баспасөз конференцияда сөз сөйлеуді электрондық және БАҚ-дағы жарияланымдарды қоса алғанда республикалық өңірлік деңгейдегі БАҚ-та кеңінен жариялай отырып бейінді денсаулық мектептерін көпшілікке тарату үшін ақпараттық кампанияларды өткізу

Ақпарат

СӨСҚПҰО, Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, өңірлік СӨСҚО

2014 жыл ішінде

6.2

Мамандардың бейінді денсаулық мектептерінің қызметі туралы халықты хабардар мәселелері бойынша электрондық және баспа БАҚ-та сөз сөйлеуін және сұхбатын ұйымдастыру.

Ақпарат

МКҰД, СӨСҚПҰО, КжІАҒЗИ, ҚазОжРҒЗИ, ҚазКАҒЗА, ПжБХҒО, Акушерия, гинекология және перинатология ҒО, Урология ҒО, Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ, СӨСҚО

2014 жыл ішінде

6.3

Бейінді денсаулық мектептері бойынша халыққа арналған ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу және тираждау.

Бейінді денсаулық мектебі бойынша халықтар үшін АББМ

СӨСҚПҰО, Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ

2014-2015 жылдардағы 1-2 тоқсаны

6.4

ҚР ДСМ-ге баспа және электрондық БАҚ қолдану арқылы бейінді денсаулық мектептерінің қызметін көпшілікке тарату жөнінде тұрғындар арасында ақпараттық жұмыс жүргізу туралы есеп беру

Ақпарат

СӨСҚПҰО, Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ

2015 жылдың 20 қаңтарына

ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
МКҰД - Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті
МСАК - Медициналық-санитариялық алғашқы көмек
СӨСҚПҰО - Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы
ҚазОжРҒЗИ - Қазақ Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
ҚазКАҒЗИ - Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
КжІАҒЗИ - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
ПжБХҒО - Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
АББМ - ақпараттық-білім беру материалдары
Полная версия
ИС BestProfi