2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 9-2-6 /3206-и хатқа
«Ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 17 қазандағы № 11456 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасын қарап келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына және «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Осыған байланысты, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғамайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қарау Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыретіне жатпайды.
Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің Хатшылығының хатшысының орынбасары Д. Ошакбаев
Полная версия

