«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 16-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған:
1) Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Талдамалық нысанды толтыру бойынша нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Талдамалық нысан осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) Уәкілетті органның қорытындысының нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т. М. Жақсылыковқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
| «Келісілді» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі А. Мамытбеков
2014 жылғы « » ___________
| «Келісілді» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Б. Сұлтанов
2014 жылғы « » ___________ |
| «Келісілді» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Б. Имашев
2014 жылғы « » ___________
| «Келісілді» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н. Абықаев
2014 жылғы « » ___________ |
| «Келісілді» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Сәрінжіпов
2014 жылғы « » ___________
| «Келісілді» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қ. Қасымов
2014 жылғы « » ___________ |
| «Келісілді» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Т. Дүйсенова
2014 жылғы « » ___________
| «Келісілді» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі В. Школьник
2014 жылғы « » ___________ |
| «Келісілді» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Ә. Исекешев
2014 жылғы « » ___________ |
|
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы «___» ________ № _____
бұйрығына 1-қосымша

