«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы
Қоса беріліп отырған Жануарларды карантиндеу қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Жануарлардыды карантиндеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарларды карантиндеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-17) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағына жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, одан әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды карантиндеудің бірыңғай тәртібін айқындайды.
2.Жануарларды карантиндеу тәртібі
2. Жеке және заңды тұлғалар үш тәулік ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, одан әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарлар туралы хабарлайды.
3. Жануарларды карантиндеу қажеттілігін, мерзімін және шарттарын ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте айқындалады.
4. Жануарларды карантиндеу оқшауланған қораларда өткізіледі.
5. Жануарларды карантиндеуге арналған қоралар аумағының айналасы қоршалады және ветеринариялық-санитариялық өткізгішпен, оқшаухана және көң қоймасымен қамтамасыз етіледі.
6. Жануарларды қарантиндеу жүргізіліп жатқан ферманың аумағына бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.
7. Күтуші персоналға өндіріс аумағына кіру ветеринариялық- санитариялық өткізгіш арқылы, ал бекітілген автокөлікке дезинфекциялық тосқауыл арқылы кіруге рұқсат етіледі.
8. Карантинделетін жануарлар ұсталатын қораға кіреберісіне дезинфекциялық төсеніш орналастырылады.
9. Жануарларға қораларын таза ұстайды, жарықпен және орталықталындарылған сумен қамтамасыз етеді.
10. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманы жануарларды күнделікті ветеринариялық тексеруден өткізеді және дене қызуын өлшейді.
11. Жануарларды диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық көмек көрсету мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің иесі есебінен жүзеге асырылады.
12. Диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабы
1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік монополияға жататын функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекемемен келісімге отырады.
13. Жануарларға ветеринариялық көмек көрсетуді ветеринария саласының маманы немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүргізеді.
14. Жануарларға диагностикалық зерттеулер жүргізу және ветеринариялық көмек көрсету карантинделетін жануарлардың ветеринариялық құжаттарында көрсетілген ауруларға қарсы жүргізіледі.
15. Уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы диагностикалық зерттеулер нәтижелерін ескере отырып жануарларды карантиндеу мерзімі ақталғаннан кейін эпизоотологиялық зерттеу жүргізеді және үш күн ішінде эпизоотологиялық зерттеп қарау актісін дайындайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шауашылығы министрлігінің 20__ жылғы «___»_________ №_____ «Жануарларды карантиндеуқағидаларын бекіту туралы» бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңы. |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Осы бұйрық жануарларды қарантиндеу тәртібін айқындайды |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Жоқ |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | ҚР АШМ Web-сайтында жарияланған www.minagri.gov.kz |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) |
|
Құқықтық қамтамасыз ету
департаментінің директоры Ә. Жеңісов

