Близость слов: Окончание:





Тұрмыстық қатты қалдықтар секторын жаңғырту жөніндегі жобаларды іріктеу критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 34 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 634 қаулысымен бекітілген Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 13-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған тұрмыстық қатты қалдықтар секторын жаңғырту жөніндегі жобаларды іріктеу критерийлері бекітілсін.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 34 бұйрығымен
бекітілген
Тұрмыстық қатты қалдықтар секторын жаңғырту жөніндегі жобаларды іріктеу критерийлері
  	

Критерийлер

Балл

1

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуін алдын алу тетіктерін ендіру

5

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды ұтымды жинау және тасымалдау жүйесін жаңғырту

10

3

Тұрмыстық қатты қалдықтарды морфологиялық құрамы бойынша жеке жинауды ендіру

15

4

Қалдықтарды басқару саласындағы озық технологияларды ендіру

15

5

Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын ендіру

10

6

Тұрмыстық қатты қалдықтарды қоқысты қайта өңдеу зауыттарында (ҚҚЗ) қайта өңдеу пайызы

50%-ға дейін

10

50-75%

15

75-100%

20

7

Тұрмыстық (коммуналдық) қатты қалдықтардан компост және биогаз алу бойынша технологияларды ендіру

15

8

Жаңа санитарлық полигондар салу және жұмыс істелген қоқыс үйінділерін рекультивациялау

10

9

Пайдаланылған (қайта өңделген) тауарларды екінші ресурс ретінде қайтару тетіктерін ендіру

15

Тұрмыстық қатты қалдықтар саласындағы критерийлер тұрмыстық қатты қалдықтар секторын жаңғырту жөніндегі жобаларды іріктеу үшін әзірленген.  
Жинақталған балдарының қорытындысы бойынша қарастырылған жобалар басым жобалардың тиісті топтары бойынша топтастырылады.  
Жиынтық балы 50-ға балға дейінгі жобалар төмен басым топқа, 50-ден 75 балға дейінгі орташа басым топқа, 75 және одан жоғары балл - жоғары басым топқа жатады.
Полная версия
ИС BestProfi